Қазақтардың атаменге оралуы туралы монография жарық көрді

Қазақтардың атаменге оралуы туралы монография жарық көрді

Қазақтардың атаменге оралуы туралы монография жарық көрді
ашық дереккөзі
 «Қазақ диаспорасы жəне Атамекенге оралу» (1991-2012) атты ұжымдық ғылыми монографияның тұсаукесері Монография авторлары тарих ғылымдарының кандидаты Гүлғазира Нұранқызы Балтабаева, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жарас Ермекбай және философия ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбала Баймағамбетова. Ғылыми редакторы – академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов. Қазақ диаспорасы дамуының тарихи тәжірибесі мен олардың тарихи отандарына қоныс аударуы қазақстандық қоғамның мемлекеттің жаңаша даму құрылысы кезеңіндегі әлеуметтік маңызды басымдықтарының құрамдас бөлігі болып табылады. Әлемнің 43 елінде тұрып жатқан шетелдегі этникалық қазақтардың жалпы саны 4-4,5 млн адамды құрайды. Атажұртқа қайта оралған қазақтар  республиканың қазақ тұрғындарының 10% құрайды.  Қазақтардың Атамекенге оралуы елдегі қазақ санының табиғи санының және олардың өсім салмағының артуына ықпал етті. Мазмұны мен көлемі жағынан ауқымды – 10 тарау, қатты мұқабадағы 37 баспа беттен тұратын – бұл монография қазақ диаспорасы, көші-қон саясаты, демография және диаспорология тарихының мәселелеріне қызығушылық танытқан көпшілікке жалпылай арналады. Кітап географиялық, пәндік және атаулы көрсеткіштермен, қысқарған сөздер тізімімен, сондай-ақ түрлі-түсті суреттермен жабдықталған. Монография  «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының қолдауы бойынша шығарылды.  

Жандос Айымбетов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті