Головкин Нариман Құрбановты жеңісімен құттықтады

Геннадий Головкин Нариман Құрбановты жеңісімен құттықтады

Головкин Нариман Құрбановты жеңісімен құттықтады
Сали Сабиров
615

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады.

«Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын! Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз. Жеке бапкеріңіз Хусанжан Кұрбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін! Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!» - деді ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин.

Серіктес жаңалықтары