«Кедергісіз келешек» жобасы ‒ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қорғаны

«Кедергісіз келешек» жобасы ‒ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қорғаны

«Кедергісіз  келешек» жобасы ‒ мүмкіндіктері шектеулі  азаматтардың қорғаны
ашық дереккөзі
608
Алматыда «Нұр  Отан» партиясы Бостандық аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз  келешек» партиялық  жобасы  аясында мүмкіндіктері шектеулі  азаматтардың мәселелері бойынша  тақырыптық  қабылдау өткізді. «Нұр Отан» партиясы  басшылығының  шешімімен  аталған  іс-шара  Республикалық  арнайы  жүйелі  кесте  бойынша   2017 жылдың 25 қаңтардағы Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Үндеуі  мен «Қазақстан  Республикасының Конституциясына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» Заң  жобасын  талқылауға  арналды. «Конституциялық  реформаларды  жүргізу, Президенттің  өзінің  біраз  өкілеттіктерін  Үкіметке  және басқа  да  атқарушы  органдарға, сондай-ақ Парламентке  беруін  демократияға  баратын  жол  екендігін, Үкіметтің  Парламент  алдында, халық  алдында  жауапкершілігі  жоғарылай  түседі», ‒ дейді «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық бөлімшесінің кеңесшісі  Байғали Әбдәліұлы.  ҚР Президентінің Үндеуі мен Конституцияға өзгерістер енгізу туралы Заң жобасына қатысты Бостандық ауданы әкімі  аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Фариза Айдарова, аудандық жұмыспен  қамту және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің  әлеуметтік қызметкері Кенже Сағындықова, Бостандық ауданы «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Ұлан Іңкарбеков қатысып өз пікірлерін ортаға салды. Қабылдауға келген І топтағы  мүгедек  қызы  өмір  бойы  арбаға  таңылған зейнеткер  ана  Галина  Қасымқызы Ашихман үйіне  кіре  беріске  пандус  орнатуға  көмектесуді  сұрап  келген екен. Оның  мәселесін  сол  округтың  депутаты  мен  спонсорлар  арқылы  шешу жолдары қарастырылатындығы айтылды. Ал бес  баланың  анасы  Махаббат Андирова  (оның  ішінде  біреуі  ДЦП диагнозы  бойынша  ауырады):  «Уақытша  тіркеуге  тұра амлай жүрміз. Баламды жәрдем ақылы алу үшін Бостандық ауданда тұратын танысмыздың үйінде тіркеуде», ‒ дейді.  Бұл мәселеге қатысты Бостандық  аудандық халыққа  қызмет  көрсету  Орталығы басшысымен  хабарласып  өтініш  иесінің  мәселесін  шешу  тапсырылды.         Партияның аудандық бөлімшесінің қоғамдық қабылдау бөліміне келгендердің қатарында тұрғын  үй  мәселесі  бойынша келген 2-ші  топтағы  мүгедек Мұнарбеков  Серіктің   өтініші  Алматы  қалалық  тұрғын үй басқармасына  қарастыруға  жіберілді. Сондай-ақ, 2-ші  топтағы  мүгедек Ризвангүл Құрбанова    өзін жұмысқа  орналыстыру жайлы көмек  сұрай келген. Аталған мәселе бойынша, партияның аудандық бөлімшесі тиісті  органдарға  хат  жолдап, жұмыспен  қамту  мәселесін  қарастырылатын  міндетіне алды. Мүгедек  бала  асыраушы, көп  балалы  ана Гүлнарға Алижанованың мәселелеріне қатысты туындаған сұрақтарына түсінік  беріліп, түйтікілдерді шешу жолдары ұсынылды. Қабылдауда сөз алған Бостандық аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұлан Іңкәрбеков: «Мүмкіндігі шектеулі жандардың кейбіреуі Үкімет пен билік органдары тарапынан өздеріне қарастырылған жеңілдіктердің бар екенін білмеуі де мүмкін. Құзырлы орындардың өз міндеттеріне дұрыс қарамау салдарынан тиесілі мүмкіндіктерден қалыс қалуыда ғажап емес. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды реабилитациялау Орталығын ашсақ, онда оларды өмірге бейімдеп, ана болу бақытына ие болуға, тіпті олардың жеке өмірлеріне байланысты түрлі ақыл-кеңестер беруге болар еді», ‒ дейді. Қабылдауды қортындылаған Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі  Байғали Әбдәліұлы: «Жалпы қоғамның қалай дамығаны аналар мен балаларға, қарттар мен мүгедектерге жасалған қамқорлық арқылы білінеді. Дамыған елдерде, мәселен Жапония мен Финляндияда ондай жандар өздерін мүмкіндігі шектеулі деп сезінбейді. Оларға қоғамдық көлікте, көшелерде, қоғамдық орындарда барлық жағдай жасалынып қойғаны соншалық, кез келген жерге қиналмай бара алады, пандустар мен көтермелі лифттар, арнайы әжетханалар тағы басқалар жеткілікті», ‒ дейді. Сондықтанда, кеңесші Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың да өз құқықтарын қоғауда, мемелкет тарабынан жасалып жатқан қамқорлықтарды пайдалануда әр қашан белсенді болуға, көкейлерінде жүрген талап-тілектерін «Нұр Отан» партиясының бөлімшелеріне келіп айтып тұруға шақырды.  

Ринат Ахшаловқа, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің 4-курс студенті   

Серіктес жаңалықтары