Нұртас Адамбай өзін кім сотқа бергенін айтты

Астана қаласының дін істері басқармасы актерды желідегі парақшасында Құран Кәрімнің аудармасындағы сөзді жазғаны үшін сотқа берген.

Нұртас Адамбай өзін кім сотқа бергенін айтты
instagram.com/ nurtasadambay
664

Бүгін Астанада режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың ісі бойынша сот процесі кейінге қалдырылды. Ал өнер иесінің өзі аталған жайтқа қатысты өз нұсқасын айтты.

«Астана қаласының дін істері басқармасы мені Instagram желісіндегі парақшамда Құран Кәрімнің аудармасындағы сөзді жазғаным үшін сотқа берді. Құран аудармасынан дәйексөз келтіруге болмайтынын білген жоқпын», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, сот кеңсесінің мәліметінше, Нұртас Адамбайға қатысты ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы бойынша Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды деген айып тағылған. Атап айтқанда, іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға байланысты қаралып жатыр.

Бұған дейін сот тыңдауы 1 тамызда WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары