Алматы облысында «Қазақтелекомның» салғырттығынан сымдардың бірі үзіліп, кішкентай бала мерт болды. Қайғылы оқиға Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған.
Аталған іспен дәл қазір Ішкі істер органдары айналысып жатыр.
– Ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр, – делінген хабарламада.
Ал, «Қазақтелеком» АҚ ұжымы марқұм болған баланың ата-анасы мен туған туыстарына қайғырып көңіл айтады. Сондай-ақ кінәлі қызметкердің жауапқа тартылатынын және баланың отбасына жан-жақты әрі материалдық қолдау көрсетілетінін хабарлады.