«Балағаттаған»: Жамбыл полициясының бастығы қызметінен басатылды

«Балағаттаған»: Жамбыл полициясының бастығы қызметінен басатылды
Жамбыл облысы ПД
12055

Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзинге қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бүгін Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің қол астындағы қызметкерлеріне ұрысып, бейәдеп сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видеода Арманбек Баймурзин жиналыс кезінде үстелді бір қойып, қызметкерлерін балағаттап, «Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғал» деген сөздерді айтқаны байқалады.

Осы видеоның таралуына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс тағайындалды. 

«Министрлік өкілдері мен ІІМ ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары өңірге жіберілді. Қызметтік тексеріс жүргізу кезеңінде Арманбек Баймурзин қызметінен шеттетілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары