Ақтау, Астана және Ақтөбе әуежайының басшысы ескерту алды

Министрдің айтуынша, бірінші кезекте аталмыш қалалардың әуежайларында тазалық пен тәртіп орнатылу қажет.

Ақтау, Астана және Ақтөбе әуежайының басшысы ескерту алды
istockphoto.com
450

Көлік министрі Марат Қарабаев тұрғындардың көптеген шағымдарынан кейін ел әуежайларында тәртіп орнатуды талап етті.

Министрге Атырау, Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары әуежайлар мен теміржол вокзалдарына қатысты шағым айтқан.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, ел аумағында 300-ден астам теміржол вокзалы жұмыс істейді. Алайда олардың бірнешеуінде ғана ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассалар бар.

Бұл ретте теміржол және су көлігі комитетінің қызметкерлеріне барлық вокзалдарды тексеріп шығып, теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассаларды орнату мәселесін қолға алу тапсырылды. Бірінші кезеңде мамандар ірі теміржол вокзалдарын, содан кейін шағын станцияларды тексеріп шығады.

Сонымен қатар, министр жолаушылардың шағымдарынан кейін Ақтау, Астана және Ақтөбе қаласының әуежайларын ретке келтіруді тапсырды.

Бірінші кезекте бұл әуежайларда тазалық пен тәртіп орнату қажет. Әуежайлардың басшылығына ескерту жасаймын, – деді Марат Қарабаев.

Серіктес жаңалықтары