Ержанат Байқабайұлы: Алтайдан келіп, Алатауға арқа сүйедім

Алтай өңірінде он жасынан айтысқа қатысып, Алтайдың асау ақынына айналған Ержанат Байқабайұлы  ата-жұртына келді. Арғы беттегі екі миллион қазақтың аяулы алақанына салған үкілі ақыны, «Жүрекке түскен жол» атты шығармашылық кешімен ата-қонысқа  сәлем бермек. Осы орайда, ата-жұртын сағынып жеткен ақынмен өткізген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.   

– Айтыс өнерінде түрен салған шағыңыздан естіп білеміз. Айтыс сахнасына қай жасыңызда шықтыңыз? Сөз өнеріндегі ұстаздарыңыз кімдер болды?

– Жасымнан өлеңге құштар болдым. Хат танымайтын кезімнен ұлы ақын Абайдың, қытайдағы қазақтарға жеткен Мұқағали Мақатаевтың жырларын жаттап өстім. Әпкелерім маған оқып беретін, ал мен оқылған жырды бірден жаттап алып, үлкендерге айтып беремін. Кейінен мектепте оқып жүргенде қолыма тиген алғашқы жыр кітабы «Қазақтың қара өлеңдер» жинағынан екі-үш шумақтан жаттап, ауылдағы тойларда айтып жүрдім. Ол кезде домбыраны жақсы тарта алмаймын, қолыма таяқ ала салып айтамын. Өздігімнен домбыра шертуді де үйреніп алдым. Өзім солақай болсам, маған кім үйретеді?! Ол кезде, айтысты радиодан тыңдаймыз, көп ұзамай қытайдағы қазақ айтыс өнерінің қара нары Құрманбек Зейтінғазыұлы мен Жамалхан Қарабатырқызының айтыс жинағы шықты. Түгел жаттап алдым. Жыр сайысына алғаш рет 1996 жылы мамыр айында, туған ауылым Алтай аймағының Шеміршек ауылында өткен айтыста қатыстым. Сол жылы Алтай аймақтық ХІ кезекті «Тотыдай түрленген Торғайты» атты ақындар айтысы өтті. Сол айтысқа бала ақын ретінде қатысып, он жасымда Қаба ауданының ақыны Гүлнұр деген әпкемізбен айтыстым. Қазылар алқасы маған бәйшешек жүлдесін тағайындап, торы тай мінгізді. Бұл айтыс босағасын алғаш аттағанда алған тұңғыш жүлдем болды. Қытайдағы қазақтардың айтыс өнерінде Құрманбек ақынның үлкен мектебі бар. Бір айтыста «Азия, Еуропадан оқығам жоқ, оқушысы едім Құрманбек мектебінің», деп айтқаным бар. Айтқанымдай-ақ, Құрманбекті ұстаз тұттым. Қытайдағы айтыскер ақындардың өнердегі әкесі Құрманбек. Құрманбектен кейін қазақ айтыс өнеріне бөлек сарынмен келген Қайрат Құл-Мұхамедұлының толғауларын жаттап өстік. Жазба ақындардан Бердібек Құржықаевты оқыдым. Ал айтысты сахара өнері десек, сол өнерге көркемдік пен сұлулық, тереңдікті алып келген ақын Еркін Ілиясұлы ағамыз да ұстазым болды. Бұрынғы ақындар төрт жол өлеңмен айтатын болса, Еркін ақын он төрт жол өлеңді ұйқастырып айта беретін дүлдүл еді. Суырып салма айтыстың сүлейі Шәкен Бөктайұлы ағамыз да, өлеңін өте шапшаң айтатын Мұрал Темірханұлы да өнердегі ұстаздарым еді. «Өлеңің қанша тез болса, өмірің сонша тез болды-ау», деп көктоғайлық ақын Ерболат Серғажыұлы айтқандай Мұрал ағамыздың өмірі қысқа болды. Белгілі айтыскер ақын, марқұм Еркін Ілиясұлына айтыстың Омарғазысы деп көзі тірісінде теңеу айттым. Расында да, ол біздің айтыста езіп, елу жыл айтатын дүниемізді екі-ақ жылда айтып салып, айтыстың жотасына шығып алған жолбарыс болды. Биігінен түскен жоқ. Әрине, ол жақта әр аудан ақындарға қызмет беріп, меншіктеп алғандықтан Еркін ақынды да талай жас балаларға қарсы айтыстырған кездері болды… Ақынның артында қалған мұрасын Бурылтоғай ауданының азаматтары том-том кітап етіп шығарды. Айтыскер ақын Әбдіғани Пазылханұлы ағамыздан да өнеге алдым. Ол кісі «ақын болу өз еркің, азамат болу борышың» деген қағиданы ұстанып, бүгінде мәслихат депутаты ретінде, халыққа қызмет атқарып жүр.

Қазақстандағы айтыскер ақындардан айтыс өнеріне керемет теңеу алып келген Мұхамеджан Тазабеков, жыраулатып айтатын Мэлс Қосымбаев, қазақ айтысында өзгеше із салған Аманжол Әлтаев, жұлып алма жырдың ақыны Бекарыс Шойбектердің айтысын тыңдап өстім. Айтыстағы өнегесі мен орны бөлек бір адам ол Оразалы Досбосынов. 2006 жылы тұңғыш рет Қазақ еліне келгенімде марқұмның басына барып, құран оқып қайттым. Оразалыны алғаш рет Алтайдағы Бурышын ауданында өткен айтыста көріп, сәлем бердім. Бірақ, уақыт тығыз болғандықтан жақын араласып кете алмадық. Өкінішті.

– Қазақстандық айтыскер ақындардан кімдермен айтыстыңыз?

– Алғаш 22 жасымда Сара Тоқтамысовамен Үрімжіде айтыстым. Екеуміз сол айтыста ғана кездесіп танысқан едік. Қыз бен жігіттің әзілі жарасқан әдемі айтыс жасадық. Сахнадан түскен соң Сара: «Рахмет, досым! Бұрын айтысып жүргендей әдемі айтыс жасадық», деп ризашылығын білдірді. Содан 26 жасымда Айнұр Тұрсынбаева әпкемізбен айтыстым. Бұрындары жасаған айтыстарын түгел көріп, «шіркін-ай, Айнұрмен бір кездессем ғой», – деп жүретінмін. Алла сол тілегімді қабыл етті. Қайны мен жеңгенің айтсын халық ұнатты.

Айтыста Айнұр ақын:

Сүйіншіңді бер ағайын,

Әсеттің көзі бар екен, деп сүйініп,

ықалас танытты.

Мен:

Қара өлеңге қанбаймын мешкейдейін,

Ертең күн Сіз кеткенде құлазимын,

Қасымнан хан ордасы көшкендейін, деп айтысты аяқтадым. Айнұр әпкеміз сөз тапқыш ақын. Қазақстаннан барған ақын Әбілқайыр Сыздықпен Тарбағатай аймағының Дөрбөлжін ауданында айтыстық. Өкінішке қарай, бір сағаттық айтысымыз не таспаға, не суретке түспей қалыпты. Сол айтыста, Қытайдағы екі миллион қазаққа айтыстың анасы болып танылған Жамалхан Қарабатырқызы: «Әбілқайыр мен Ержанаттың айтысы Әсет пен Кәрібайдың айтысын көз алдыма әкелді», деп маңдайымыздан сүйіп, батасын берді. Қазіргі қазақ елінің жас ақындарынан Мұхтар Ниязбен сапарда бірге болдық. Сара Тоқтамысова арғы бетте үш рет айтыс жасады, екі ретінде айтыстық. Жас айтыскер Жандарбек Бұлғақов жүрегіме жақын, жақсы бауырым.

– Айтыс өнері ақынға жеңіс пен жеңілістің дәмін қатар татырады. Бабыңыз келіспеген айтыстарыңыз болды ма?

– Осы кезге дейін екі айтысым сәтсіз болды. Іле Қазақ автономиялы облысының Ақ-өзен деген жерінде айтыс өтті. Дина есімді ақынмен айтыстым. Ол кезде жасым тым кіші болды және тап айтыстың алдында мақамымды ауыстырып шыққаным халыққа ұнамады. Сөйтіп отырғанда, уақыт бітіп, орнымыздан тұрып кеттік. Қытайдағы қазақ айтыскерлері арасында жыл сайын «Жезтаңдай» атты дәстүрлі айтыс өтеді. Сол айтыста, Ұларбек деген жігітпен айтыстым. Сахнада қиналып өлең айттым, жүректен шықпаған жыр жүрекке жетпейді екен. Сол жолы, алдын ала көп өлең жазып, жаттап алып едім. Біреуінде айта алмадым. Ал жазып, жаттап алған өлеңіне сенген ақыннан сорлы болсашы. Халық мүлде қабылдамай қойды. Өкініп қалдым.

Айтыстың қалай өтетінін сахнаға шықпай тұрып сеземін. Тіпті, алғашқы өлеңімнен-ақ не жеңетінімді, не жеңілетінімді аңғаратын кездерім болады. Әрине, халықтың қол шапалақтауымен сүрінбей айтып кететін кездер болады. Кейбір айтыстарда уақыт бітпесе екен, айта берсем екен деп отырамын. Ал кейде, дәл қазір жарық өшіп, қараңғыны пайдаланып сахнадан қашып кетсем екен дейтін кездерім де жоқ емес. Несін жасырайын?!

Ал әдемі айтыстарым өте көп. Алтай қаласы айтыста жүргеніме 20 жыл толғанда арнайы айтыс ұйымдастырып берді. Сегіз ақынды сахнаға шығарып таныстырып, «кіммен кім айтысады?» деп сұрағанда халық Ержанат пен Жамиға айтысын деп шулады. Біз бірден айтыса кеттік. Көрермен қыз-жігіт айтысын сағынып қалыпты, күлкіге қарық болды. Жамиғамен айтыстағы мақамымыз да, сөз саптасымыз да, мінезіміз де ұқсайтындықтан қиян-кескі болған шығар.

Арғы бетте мықты айтыскер ақындар көп. Жамиға Дәулетқызының жолдасы Құзарбек Талапқан, айтыскер Санатбек Таудай, Нағыман Шоқанұлы, Ұларбек Минатханұлы, Іле өңірінде Ерлан Аманқожаұлы сынды жігіттер бар. Бәрі де белі мықты, алысқа шабатын ақындар. Солардың арасында Нағыманнан қорқамын. Ол күні-түні отырып айта беретін, бір қалыптан танбайтын ақын. Онда желпіну, күлу, жасу сезімдері болмайды. Нағыз жабының өзі. Шіркін, тәрбиелеп жіберсе талай биікті бағындыратын ақындар ел ішінде көп.

Бағыма орай, халық та, сахна да жақсы қабылдаған ақын болдым. Олай дейтінім, мен қызқуардың атындай жақынға шабатын ұшқырмын. Ұзақ шабысқа, қайқаңға салатын белді жүйрік емеспін. Адам шамасын білу керек қой. Айтыста айтқан талай өлеңіміздің ұйқасы қашып, шатқаяқтап қалған кездері болды. Кейбірін, тіпті бертін келе түзедім. Басты кемшілігім, жазба ақындарды көп оқымайтынмын. Қазір қазақтың жазба ақындарының өлеңдерін түгел оқып, тауысуға шақ қалдым. Олардың ішінде жұрттың аузындағы ақындар поэзиясы бөлекше Жұматай, Жұмыкен, Төлеген, ақын Өтежан Нұрғалиев бастаған бір шоғыр ақын ағалардың өлеңдерін оқып шықтым. Олардан ұйқас ұрлай алмайсың, ой аласың. Қытайда тұратын ақын Білсбек Әбдіразақ, Азия Мағперқызы сынды ақындармен көп сырластым, ойымды байыттым. Ақынды әдеби орта өсіреді. Алматыда ондай мүмкіндік баршылық. Ал Қытайдағы қазақтардың әдеби ортасы әр өңірде әрқалай.

– Айтыстағы шабытыңызды ашатын тақырып қайсы?

– Менің айтысыма әр беріп тұратын дүние көшпенді тірлік. Ауылда өстім, көшіп-қонып жүрдік. Тай үйреттім, тайынша міндім. Бұзау бақтым, қозы жайдым. Ауылдағы абыз ақсақалдардың сақалын жастық қылып ержеткен немересіміз. Міне, осындай қайталанбас қазақы тұрмыстың суреттерін айтысқа әкелдім. Айтыста:

Қордалы ойлы қойшының баласы ем ғой!

Қошқардың терісінен қолғап киген, деп айттым. Айтыс сахнасында отырып аузыма бірден түсе қалғанда: «Илеуін таба алмаған құмырсқадай», «Шәугімге шала піспеген жұмыртқадай», «Қымыз ішкім келеді қыз дәмі бар», «Ауылдың жігіттері аңқау өстік, көбірек жегеннен соң қойдың миын», деген ұйқас арасында сөздер тауып айттым. Саясатқа, қоғамға ашық айта алмайтын дүниелерімді астарлап та айтып өттік. Он алты жасымда қатысқан бір айтысымда:

Ән салып Төлегендей шауып барам,

Артымнан Бекежанға оқ аттырма.

Елімнің жоқшысы боп сөйлеп тұрмын,

Түрмеге Таңжарықтай қаматтырма, деп айта келіп: «Соқпасын солақай бұлаң бұрқасыны», деп жібердім. Тарихтан белгілі «Мәдениет төңкерісі» деген желеумен талай зиялы қауым, ел ағалары жазықсыз жалаға тартылып, өлім құшты.

Тағы бірде:

Бір сұлудың сырғалық алтыны үшін,

Қопарып жатыр әне шатқалыңды.

Қожасы біздің қазақ сахараның,

Малшылар, көтеріңдер бастарыңды, дедім. Бұл сөзім әрине, Қытайдағы саясат үшін оңай сөз емес еді…

– Қытайдағы қазақ айтыс өнеріне қолдау бар ма?

Қытайдағы бір жақсы дүние үкімет айтыс ақындарын оқытты. Олардың арасында кәсіби білім алғандар да, басқа саланы меңгергендер де, тіл игергендері де бар. Қазіргі таңда, Қытайдағы ақындар ақпарат саласында, тіпті қаржы, банк саласында қызмет атқарып жүр. Бір қызығы, бірінші сыныптан бастап қытай тілінде оқыған айтыскер ақындар да бар. Олар айтыстан бөлек, халықтың мұң-мұқтажын жоғарғы жаққа жеткізуде тілден қиналмайтын, қытай тілді басшылармен терезесі тең сөйлесе алатын ұлт жоқшысына айналды. Әрине, өлеңдеріндегі көркемдік пен тереңдігі өзгеше.

Әрбір облыс, аудандар жыл сайын айтысты кезек-кезек өткізіп, ақындарды сұрыптап, жыл қорытындысы ретінде аймақтық үлкен айтыстарды ұйымдастырып отырады. Кейбір аудандарда айтыстың жиі өткізілетіндігі сонша, отызыншы кезектен де асып кетіпті. Жыл сайын, әр аудан міндетті түрде өткізетін дәстүр қалыптастырды. Мысалы, Алтайда ақындар айтысы жыл сайын өткізілетін еді, қазіргі таңда жасөспірім ақындар айтысы да қолға алынып жатыр. Бұдан бөлек, кәсіпкер жігіттер де жеке жүлдесін тігіп, айтыс өткізуде. Қытайдағы қазақтың айтыс өнері тарихы да зерттеліп, 1920 жылдан бастап өткізілген айтыстардың топтама жинақтары шығарылды. Әрине, жобаны орталық өкімет қаржыландырып отыр. Мысалы, Алтайда тұратын қисашы Қазым ақсакал таңды-таңға ұрып, күнді айға жалғап айтатын қазақтың жырларын мемлекеттің қолдауымен том-том кітапқа айналдырды. Сондай-ақ, Қисагерлер қоғамы құрылып, жас қисагерлерді тәрбиелеу ісі қолға алынды.

– Ата-жұртқа біржолата ат байлап жатыр екенсіз…

Қазақстаннан бір дүние алайын деп келгенім жоқ, берейін деп келдім. Шет елде жүрсек те айтыс өнерімен танылып, өнердің жолына түстік. Сондықтан, өлеңім мен өнерімнен басқа ештеңем жоқ. Қазақ еліне сын көзбен қарап емес, үлкен сеніммен келдім. Айтыстан бөлек, ән мәтіндерін жазатын да өнерім бар еді. Қазақ эстрадасында танылаған біраз әнші әндерімді орындап жүр. Соның бірі, әнші Қажымұрат Шешенқұл орындайтын, қазақ еліне таныс «Мақпалжан», «Қара жорға» әндерінің мәтіні менікі. Алтайда жиырма бес жасқа толғанымда және жирыма сегіз жасқа келгенде «Сағындым» деген кешімді өткізіп келдім. Арғы беттегі қазақтың маған өкпесі жоқ болар. Қазақстан атажұртым, ата-бабамыздың сүйегі жатыр. Арғы атам атақты әнші, сал-сері Сегізсерінің тікелей ұрпағымын. Әрине, Алтайдағы өскен елді, туған топырақты қия алмайсың. Қытайдағы екі миллион қазақ ерке ақыным деп, бетімнен қаққан жоқ. Бәрі алақанына салды. Бірақ, соның бәрін қиып Отаныма оралдым. Жақында 25 наурыз күні Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияда өтеді. «Жүрекке түскен жол» деген кітабымның тұсау кесерін жасап, әншілер әндерімді орындап, өзім айтыскерлермен шағын айтыс жасап, кеш өткізбекпін. Бұным – Қазақстан саған құр қол келгенім жоқ. Менің әзіргі биігім, тапқан табысты өнерім осы деп сүйіншілемекпін. Қалың қазаққа, Қазақстанға сендім – Алтайдан келіп, Алатауға арқамды сүйедім демекпін. Алтай, Сауырдың сағынышын Алатауға, Сарыарқаға ала келдім.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Әңгімелескен Жәнібек ҒАЛЫМ

Редакция таңдауы

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...
black and red kyobi arts cool presentation 5 1

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған...
whatsapp image 2021 04 20 at 13.30.39

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы...
mycollages 4

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер...

Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш...

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырады. 1 мамырдан бастап Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысын жүргізу мақсатында жабылады....

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қазіргі отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес барысында «Nur Otan»...

Атышулы Q-рор тобының мүшелері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен ұсталды. Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстаған. Топты басқарған – 1994 жылы туған...

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш...

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Жайсыз хабар туралы өнер иесінің...

Nur Otan: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмысы тиімсіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаражат бөлінгеніне қарамастан, жекелеген елдімекендерде адамдар әлі күнге дейін суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясындағы...

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі тағайындалды

Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. «Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы...

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30...

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде...

Ынтымақты елдің баласы бақытты

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігі, татулығының арқасында шаңырағымыз шай­қалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер…»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы...

Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды – Қ.Тоқаев

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қазіргі...

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық зерттеулер институтында жасалды. ХХ ға­сыр­дың басында өзінің жынысына көңілі толмайтындарға шизофрения диагнозы...

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға...

Телеарна рейтингі талғам таразысы ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты жария­лан­ған карантин шектеулері телеаудитория ау­қымын ұлғайтты. Бұл құбылыс әлем елдерімен қатар Қа­зақстанда да байқалып отыр. Карантин шектеулері жұртшылықты үйде отыруға, ірі...

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының...

Алматыда көлік кеңесі құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сарапшылар қауымдастығы және белсенді қалалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, бірыңғай...

Ине ұшындағы иммунитет

Былтыр қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлем халқының шамамен 70 пайызы вирусқа қарсы вакцина алған кезде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Елімізде вирусқа...

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды дегеніміз – мақтаныш үшін айтыла салған сөз емес, тарихи шындық! Осы жылдың 20-22 наурызында Түркістан қаласында өткен ме­диа фо­рум­да тарих...

Президент еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бесінші –...

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын...

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы...

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. «Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің...

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания...

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп...

«Роза Рымбаева да ауырып тұрыпты». Әнші Майра Мұхамедқызы вакцинаның әсерін ауыр өткергені туралы айтты

Опера әншісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы вакцина ектіргеннен кейінгі хал-ахуалы жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.  Әншінің айтуынша, 3 күнге дейін...

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі

Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді. "Бас прокуратура өлім жазасы бойынша...

Аудандық мәдениет үйінің құрылысы партияның бақылауында болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін...

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады, деп хабарлайды malim.kz. Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай...

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас...

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ "кері байланыс" қағидаты бойынша...

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп...

Өткен тәулікте 2 893 адам індет жұқтырған

Елімізде өткен тәулікте 2893 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020 сайтында ресми хабарланды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 574, Алматы қаласы - 695, Шымкент қаласы...

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, - деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып. “Бұл технологияны таныстыру,...

Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ...

30-жылдардағы ашаршылық зерттеледі

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ұйымдастырған экспедиция барысында зерттеушілер тарихи маңызға ие орындарды аралап қайтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Экспедиция мақсаты – 1930-жылдары болған ашаршылық...

Алматыда тауға шығуға тыйым салынады

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда,...

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан...

Үндістанда жаңа мутация пайда болды

Коронавирустың жаңа мутациясы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталды деп мәлімдеді Геномика және интеграциялық биология институтының қызметкері Винод Скария. Батыс Бенгалияда коронавируспен ауырғандар саны артқан: соңғы...

Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы...

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? – Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі...

Мәжіліс депутаты жол салуға көбірек ақша жұмсауды ұсынды

Жол салған кезде сапаға баса назар аудару қажет. Депутат Шәміл Осин 21 сәуірде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында вице-премьер Роман Склярға ұсыныс тастады, - деп...

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам,...

Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы...

АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді. – Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын...

Түркістанда банк қызметкері тұрғындар атынан несие алған

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның атынан артығымен несие рәсімдеп, ақша жымқырып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеп отыр. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған....

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы...

АҚШ елшісі: Қазақстан біздің вакциналарды сатып алса деймін

Енді АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакциналары елімізге жеткізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер 21 сәуірде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды regnum. Елші АҚШ-тың...

Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді. Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына...

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр...

Экс-министр Елжан Біртанов: Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады, деп жазды informburo.kz порталы. "Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бұрынғы Денсаулық сақтау минстрі...

Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер...

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви...

Нәсілдер қақтығысы: АҚШ-та митинг басталды

Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицей 16 жастағы Макайя Брайант есімді  қара нәсілді қызды атып өлтірді. Осыған байланысты наразылық білдірушілер полиция ғимаратына жинала бастады. Бұл туралы...

Ақпанда жоғалған Атырау облысы тұрғынының денесі контейнерден табылды

Атырау облысында ақпан айының басында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов өлі күйде табылды, деп хабарлайды azh.kz. Ол қала маңындағы Талғайран ауылының тұрғыны болған. Атырау...

Ағылшын футбол клубтары Суперлигадан шығатынын мәлімдеді

"Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Арсенал" және "Тоттенхэм Хотспур" ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында...

400 жаңа мектеп салынады: Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Келесі жылдың соңына дейін 400 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында...

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды...

АҚШ-Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, біздің ел...

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті...

9 мамырда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Ташкентте 9 мамыр күні сағат 21: 00-де Еске алу және құрмет тұту күніне арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы президенттің Жарлығына сілтеме жасап УзА...

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай алады. Құрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды. Жоба «Nur Otan»...

Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды...

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды...

Депутат техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет әлеуметтік салаға жіті...

Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл...

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалықтың баласы құтқарылды

Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мәліметінше, кішкентай итбалық орталықта екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса,...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған...

«Талап етеміз!». Атырау облысында тағы да жер дауы туды

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, -...

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты. Алматы әкімі...

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі...

Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде...

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі...

Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

Марафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді. З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын...

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып,...

21 сәуір: тарихтан орын алған маңызды оқиғалар

1925 жылы 21 сәуірде «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Бастапқыда «Әйел теңдігі», «Сталин жолы» деп аталды. 1955...

Боао азиялық форумы: Елбасы бейнеүндеу жасады

Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі көрсетілді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы конференцияның негізгі тақырыбы –...

Жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген (видео)

Барнаулда жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген, деп хабарлайды Life.ru. Барнаул қаласында такси жүргізуші болып жұмыс істейтін 39 жастағы Михаил...

Асабалықпен айналысқан легионер ойыншы қазақстандық жанкүйерлерді таңғалдырды

Футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Тұран» командасының шабуылшысы Стенли Нкоби «Каспий» клубына қарсы ойында екі гол соғып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанға Нигериядан келген Стенли...

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту...

Карантин: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19...

Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәңірберген Бердіоңғаровқа сұхбат берді. Бұл сұхбатта партия жұмысының жай-жапсары, сонымен қатар Болашақ степендиясы, жер мәселелерімен қатар...

Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады

Air Astana әуе компаниясы MyPress электронды басылым қызметін іске қосты. Жаңа қызмет әлемнің 20 тілінде шығатын 1000-нан астам БАҚ-ты назарға ұсынады. Air Astana-ның Жобалар...

Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап

- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажет пе? - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық...

Ажалы алтыншы рет президенттікке сайланған күні келді

Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итно 68 жасында өмірден озды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады. Президенттікке алтыншы рет қайта сайланған Итноның қазасына 1970-2000 жылдар аралығындағы...

Сайлауалды бағдарламамыз өңірді кешенді дамытуға бағытталған – Марат Сырлыбаев

Жуырда өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Кеңес Бюросының  кезекті отырысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алатын 12 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары...

Сайрамдық кәсіпкер тойханасын спорт мектебіне айналдырды

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты.  Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі...

СҚО-да 246 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы басталды

Бір апта ішінде нұротандықтар партия ұйымдарының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы мәселелерді талқылайды, БПҰ төрағалары мен төрағаларының орынбасарларын, сондай-ақ партияның аумақтық филиалдарының конференциясына делегаттарды...

Биыл докторантурада оқуға қатысты қандай өзгерістер енгізілгені белгілі болды

Докторантураға түсу емтихандары биыл алғаш рет электрондық форматта өтеді. Үміткерлер докторантурада оқуға дайындығын тексеру үшін тест, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан тапсырып, компьютерде...

1 шілдеден бастап халықты құжаттандыруда қандай өзгерістер болатыны белгілі болды

Келесі аптадан бастап ел азаматтары электронды төлқұжаттарын нотариаттық құжаттарын тіркеуде пайдалана алады. Сондай-ақ, нотариальды құжаттар электронды форматқа ауыстырылады, бұл азаматтарға есік қағып жүрмеуге, пошталық...

Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүние салды

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы – Мария Айтматова өмірден озды, – деп хабарлайды Кабар агенттігі. «Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын...

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігі малшылар күнін бекіту арқылы сала жұмыскерлерінің беделін арттыруды, оларды көтермелеуді көздеп отыр Sputnik.кz сайтының жазуынша, Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Ауыл...

Жамаубаев биыл коронавируспен күреске бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінетінін айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. Қаржы министрінің айтуынша,...

Досының аузына картоп тығындап өлтірген павлодарлық 15 жылға сотталды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен досының аузына картоп тығындап өлтірген ер адамға қатысты істі қарады, – деп жазды Pavlodarnews.kz. Ауыл...