1874
Париж-2024: 14 жастағы жасөспірім Олимпиада чемпионы атанды
Олимпиада алтынын 13-16 аралығындағы жасөспірімдер сарапқа салды.
Жапония құрамасының атынан сынға түскен Коко Йосизава скейтбордингтен Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
14 жастағы жасөспірім скейтбордингтің стрит сайысы бойынша көп ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені оның отандасы 15 жастағы Акама Лиз (265,95 балла) алса, ал қола жүлдеге Бразилияның 16 жастағы атлеті Райсса Лил лайық деп танылды. Айта кетерлігі, бразилиялық жас өрен 13 жасында Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған болатын.
Еске сала кетейік, скейтбординг Олимпиада ойындарының бағдарламасына осыдан 4 жыл бұрын, Токиода өткен төртжылдықтың басты додасында енгізілген болатын.