682
Шымбергеновтің қарсыласының жеңіске деген құштарлығы жоғары болды – Мырзағали Айтжанов
Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны Асланбек Шымбергеновтің жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады.
Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын.
Бұл - Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек", - деді Айтжанов.
71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын.