1441
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың екі дүркін жүлдегерін жеңді
Ол екінші жекпе-жекте Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті
Дзюдодан 66 келі салмақта белдесетін Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Ол екінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионаты, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті.
Жекпе-жек басталған бетте Ғұсман "ваззари" ұпайын еншілеген болатын. Отандық спортшы сол басымдықты кездесу соңына дейін ұстап тұрды.