Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиаданың алтын медалі үшін қомақты жүлдеге ие болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елге Олимпиада ойындарының «алтынын» әкелген спортшы 250 000 доллар алады. Сондай-ақ Олимпиада жүлдегерлері үшін мынандай жүлделер белгіленді: күміс медаль – 150 000 доллар, қола – 75 000 доллар.
Айта кетейік, дзюдодан Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.