Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды

Жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісін австралиялық Дарья Савиль (77-орын) алмастырады.

Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды
Сурет: ҚТФ
469

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Олимпиаданың ресми сайтынан Е. Рыбакина жеке және аралас жұптық жекпе-жектен шеттетілгенін көруге болады. Жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісін австралиялық Дарья Савиль (77-орын) алмастырады. Ал аралас жұптағы сайысқа келетін болсақ, Рыбакина Александр Бубликпен бірге өнер көрсетуі керек болған еді.

Еске салайық, Елена Рыбакинаның соңғы рет Уимблдон турнирінде өнер көрсетті. Онда ол жартылай финалға шығып, сенсациялық түрде чех теннисшісі Барбора Крейчиковадан (10-орын) жеңіліп қалған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары