780
«Келіспеген соң, зорлаған»: Шымкентте 20 жастағы қызды алып қашқан
Қызды құрбылары құтқарып қалды.
Желіде 20 жастағы қызды алдымен үйлену мақсатында ұрлап әкетіп, кейін зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен, ал қыздың келіспегенін көрген соң, оны зорлаған. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына «қуанышты» хабарды жеткізіп, жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Қызды құрбылары құтқарып қалды», - деп жазады Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасы.
Шымкент полиция департаменті аталамыш фактіге қатысты пікір білдірді.
«Осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.