"Зор үміт береді": Ғалымдар Альцгеймер ауруын емдейтін мұрынға арналған спрей әзірледі
Нейродегенеративті ауруларда ми химиялық өзгерістерге ұшырап, тау-белоктары ажырап, нейрофибриллярлық түйіншектер деп аталатын түйіндер түзе бастайды.
Ғалымдар Альцгеймер ауруын емдейтін мұрынға арналған спрей әзірледі. Зиянды ақуыздың жиналуына қарсы инновациялық емдеу әдісі тышқандардың ми қызметін жақсартуда жақсы нәтиже көрсеткен.
Нейродегенеративті ауруларда ми химиялық өзгерістерге ұшырап, тау-белоктары ажырап, нейрофибриллярлық түйіншектер деп аталатын түйіндер түзе бастайды. Бұл түйіндер мидың жасушаларының қалыпты қызметін бұзып, олардың өліміне және нәтижесінде когнитивті құлдырауға әкеледі.
Америка Құрама Штаттары мен Италия ғалымдары бірлесіп әзірлеген инновациялық спрей тышқандарға сыналған, нәтижесінде олардың когнитивті функциясы жақсарғаны байқалған.
Олардың зерттеу нәтижелері Science Translational Medicine журналында жарияланды.
«Бұл мұрынға арналған спрей тәсілі тау терапиялық антиденелерді миға тікелей инвазиялық емес жеткізу үшін жаңа жолдарды ашады және көптеген нейродегенеративті ауруларды емдеуге үміт береді», - деді зерттеудің жетекші авторы және Техас университетінің медициналық филиалының (UTMB) профессоры доктор Ракез Кайед мәлімдемесінде.