«Бірнеше рет пара алған»: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның СҚО-дағы филиал директоры сотталды

Оны мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

«Бірнеше рет пара алған»: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның СҚО-дағы филиал директоры сотталды
www.istockphoto.com
492

Петропавл қалалық соты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz Антикор-ға сілтеме жасап.

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары