Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстанда рекорд орнатты

Жас қазақстандық ауыр атлеттер 8 алтын және 2 қола медаль жеңіп алып, бірнеше рекорд орнатты.

Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстанда рекорд орнатты
Ауыр атлетика федерациясы
509

19-25 маусым күндері Өзбекстанда 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдерінің ашық чемпионаты өтті.

Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова (55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) үш алтын медаль еншіледі. Ол жұлқи көтеруде 81 кг, серпе көтеруде 102 кг бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 183 кг көтеріп, рекорд орнатты. Ол өткен жасөспірімдер Олимпиадасында қоссайыс бойынша 177 келі көтеріп, алтын медаль иегері атанған еді.

Айғаным Жанболат та (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) үш алтын медаль иеленді. Ол жұлқи көтеруде 92 кг, серпе көтеруде 114 кг бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 206 кг бағындырып, рекорд орнатты.

Нұржан Жұмабай (73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) Ұлттық спорттық команданың қоржынына екі алтын жүлде салды. Спортшы жұлқи көтеруде 125 кг және серпе көтеруде 151 кг бағындырып, рекорд орнатты.

Мақсат Төленді (49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) екі қола медаль жеңіп алды, ол жұлқи көтеруде 65 кг, серпе көтеруде 81 кг бағындырды.

Айта кетейік, жарысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары қатысты.

Жас қазақстандық ауыр атлеттер 8 алтын және 2 қола медаль жеңіп алып, бірнеше рекорд орнатты.

Серіктес жаңалықтары