Ақмарал Әлназарова Мәсімовтің руына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Министр ол мәселені зерттеп барып нақты мәлімет бере алатынын айтты.

Ақмарал Әлназарова Мәсімовтің руына қатысты ақпаратқа пікір білдірді
primeminister.kz
531

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен брифингта  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің руы туралы тараған ақпаратқа пікір білдірді.

«Арай Төлемісова дейтін медицина докторы YouTube арналардың біріне берген сұхбатта медициналық құжаттардан К. Мәсімовтің руы Найман екенін көргенін айтты. Медициналық құжаттарда шынымен де адамның руы туралы мәлімет жазыла ма? Адамның жеке деректерін көпшілікке жариялау қаншалықты заңды?» - деп сұрады журналист.

Министр ол сұхбатты көрмегендіктен, мәселені зерттеп барып нақты мәлімет бере алатынын айтты.

«Мен ол YouTube арнасындағы сұхбатты көрген жоқпын. Қосымша анықтап айтайық. Негізі рудың медициналық құжаттарда жазылуына байланысты ешқандай шарт жоқ. Сондықтан қосымша ақпарат керек болса, тағы зерттеп айтайық», - деді Ақмарал Әлназарова.

Серіктес жаңалықтары