22061
Прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды
Қазір Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл ақпаратты Астана прокуратурасы Tengrinews.kz тілшісіне растаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазір Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.
Еске салсақ, бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылағанын хабарлаған едік.
Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен («әділет кеңесшісі» сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтаған болатын.