«5 жасқа дейінгі бала қарбыз, қауын жемеуі керек»: Елде ішек инфекциясына шалдыққандар саны артты

Ерте піскен бақша өнімдері де түрлі ауруға әкеп соғуы мүмкін.

«5 жасқа дейінгі бала қарбыз, қауын жемеуі керек»: Елде ішек инфекциясына шалдыққандар саны артты
istockphoto.com
690

Жыл басынан бері ел ішінде 6 мыңнан астам адам ішек инфекциясына шалдыққан. Оның 80% жуығы – балалар, деп хабарлайды turkystan.kz 24KZ-ке сілтеме жасай отырып.

Науқастардың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларында тіркелген. Қазір Астана қаласының өзінде өткір ішек инфекциясына шалдыққан 800-ден астам науқас ем алып жатыр.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

«76%-ы 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Көбіне балалар жақын келіп отыр. Өйткені ойыншықпен ойнайды, аулада ойнайды, ойыншық лас болса, оны аузына салады деген сияқты», – дейді маман.

Бұл дертке фаст фуд өнімдерін, тәттілерді, отқа піспеген тағам түрлерін жиі тұтынғандар шалдығады. Ерте піскен бақша өнімдері де түрлі ауруға әкеп соғуы мүмкін.

Жадырасын Ходжаназарова, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері:

«Ең басты нәрсе, айта кететін, 5 жасқа дейінгі балаға қарбыз, қауын бермеу керек. Егер берген жағдайда тамыз айында, нитратсыз пісетін кезде ғана беруге болады. Нитраттан улану кезінде дене қызуы көтерілмеуі мүмкін. Бірақ іш өту, құсу, одан да басқа көріністер ішек инфекциядағыдай көрінеді. Кез келген өндіруші өнімін сатылымға шығару үшін тез піскенін қалайды да, оның құрамына түрлі химиялық өңдеуіштерді қосады. Нитраттар мөлшерінен көп болып кетсе, организмнің улануына әкеп соғады. Мысалы, қарбызда 1 келіге 60 мл нитрат аспауы керек. Қауында 90 деген сияқты», – дейді маман.

Серіктес жаңалықтары