Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды

Полиция қазіргі уақытта оның Әуезов полиция бөліміне жеткізілгенін, онымен әңгіме жүргізіліп жатқанын айтты

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды
Абай облыстық ПД баспасөз қызметі
656

Семейде бір тәуліктен астам уақыт бойы іздеген бала табылды.

Абай облысы ПД баспасөз қызметі кеше жоғалып кеткен үшінші сынып оқушысы тірі және жарақатсыз табылғанын хабарлады.

«Полицейлер, еріктілер және бейжай қарамайтын тұрғындар баланы іздеуге атсалысты. Іздеу жұмыстары қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Восточный кентінің ауданынан оқушыны тапты», - делінген хабарламада.

Полиция қазіргі уақытта оның Әуезов полиция бөліміне жеткізілгенін, онымен әңгіме жүргізіліп жатқанын айтты. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына беріледі.

 

Серіктес жаңалықтары