Бізге ауыруға болмайды: КешYou тобының жаңа құрамына қойылатын талап қандай?

"Бала кезден КешYou тобын білеміз. Бұрынғы экс солистерді көріп, сол секілді болсам ғой деп өстік".

Бізге ауыруға болмайды: КешYou тобының жаңа құрамына қойылатын талап қандай?
@keshyou_official
745

Биыл сәуір айынан бастап КешYou тобының жаңа құрамында өнер көрсете бастаған әнші қыздар ХабарLike бағдарламасында топ продюсері Баян Мақсатқызының оларға қандай шарт қоятынын айтты. 

«Жұмысқа немқұрайлы қарауға болмайды. Ешқайда кешікпеу, концерттерге ауырып қалу деген болмайды. Ауыруға болмайды. Қысқаша айтқанда, дисциплина», – дейді Диана Қожагелдина.

Сондай-ақ олар аталған топта ән айтуды бала кезден армандағанын айтады.

«Жабық кастингке шақырылдық. Әнімізді айттық. Биімізді биледік. Өзімізді көрсеттік. Солай продюсерлердің көзіне түсіп, қабылдандық. Келісімшартқа отырдық. Біз үшін үлкен бақыт. Бала кезден КешYou тобын білеміз. Бұрынғы экс солистерді көріп, сол секілді болсам ғой деп өстік. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әр ән айтатын қыздың арманы деп білемін өз басым», – дейді Диана Қожагелдина.

Еске сала кетейік, биыл сәуірде топ құрамы жаңарып, топта Ләззат Сұлтанова, Диана Қожагелдина, Сагдиана Бұхарбаева ән айтады. Аталған үштік мамырда Лос-Анджелес қаласында әлемге әйгілі рэпер Снуп Доггпен бірге бейнебаян түсіріп,  кейін онымен бірге Милуоки қаласында концертте ән айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары