«Ақтөбе» Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінен өте алмады
Ақтөбелік футболшылар қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.
Шілденің 18-інен 19-на қараған түні Сараевода (Босния және Герцеговина) Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтті. Онда жергілікті команда Қазақстанның «Ақтөбе» футбол клубын қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесудің 41-минутында ақтөбеліктер сапынан Ыдырыс Умаев есеп ашса, қарсылас команда қатарынан Георгий Гуляшвили 57-минутта есепті теңестіріп кетті. Қазақстандық клуб ойыншысы Әділхан Таңжарықов 75-минутта есепті еселеді. Матчтың негізгі уақыты аяқталған сәтте 1:2 есебімен Ақтөбе жеңіп тұрған болатын. Алайда жалпы есеп қорытындысы бойынша есеп 2:2 болғандықтан кездесу қосымша таймға ұласты. Экстра тайым бастала салысымен 93-минутта Жайро Жан ақтөбеліктерді алға шығарды. Бірақ арада 3 минут өткен соң алаң иелері сапынан Ренан есепті теңестіріп кетті. Қосымша уақыттың екінші бөлігінде алаң иелері орталық қорғаушыларын айырылып қалды. Десе де бұл басымдықты қазақстандық клуб тиімді пайдалана алмады. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Осы кезеңде 4:3 есебімен «Сараево» командасы «Ақтөбені» жеңді.
Осылайша, «Ақтөбе» футбол клубы Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сүрінді.