сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

«Тобыл» УЕФА Еуропа лигасынан шығып қалды

/
фото: sports.kz
Бұл жолы словакиялық клуб қазақстандық команданың жолын кесті.

Қостанайда УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Тобыл» мен словакиялық «Ружемберок» арасындағы қарымта ойын аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz. 

Сырт алаңда 2:5 есебімен жеңілген қостанайлықтар қарымта ойында өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда бұл "Тобылдың" келесі кезеңге өтуіне әсер ете алмады.

Айта кетейік, матчтағы жалғыз голды 8-минутта Ахмед Эль-Мессауди соқты.

Бөлісу: