Ресейден қоныс аударған 17 жастағы спортшы Қазақстан чемпионы атанды (ВИДЕО)

17 жастағы Самоделкина 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған болатын.

Ресейден қоныс аударған 17 жастағы спортшы Қазақстан чемпионы атанды (ВИДЕО)
Фото: Telegram/team_samodelkina
687

Былтыр елге көшіп келген Софья Самоделкина Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Самоделкина қысқа бағдарлама кезінде құлап қалып, екінші орын алған болатын. Алайда жарыстың екінші күнінде еркін бағдарламада жоғары ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында үздік деп танылған үштік.

Софья Самоделкина (Астана) - 161,43 ұпай.

София Фарафонова (Алматы) - 140,55.

Анна Санникова (Павлодар облысы) - 136,21.

Еске сала кетейік, 17 жастағы Самоделкина 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған болатын. Спортшы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 2023 жылға дейін Ресей атынан халықаралық жарыстарға қатысқан.

Серіктес жаңалықтары