Әнұранды мас күйінде айтқан әнші көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Мен ол кеште мас күйде болдым».

518

Америкалық әнші Ингрид Эндресс Бейсболдың басты лигасы аясында өткен Жұлдыздар ойыны басталмас алдын АҚШ әнұранын мас күйінде айтқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz  РИА Новости Спортқа сілтеме жасап.

«Грэмми» сыйлығына төрт рет ұсынылған 32 жастағы әнші әнұранды дұрыс айтпағаны үшін көпшіліктің сынына қалған еді.

Кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында ішімдікпен күресіп жүргенін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.

«Мен ол кеште мас күйде болдым. Қажет көмек алу үшін арнайы мекеменің көмегіне жүгінемін. Бейсболдың басты лигасынан, барлық жанкүйерден және өзім қатты сүйетін осы елден солай өнер көрсеткенім үшін кешірім сұраймын. Мен қайта қалпына келу процесі қалай өтіп жатқанын хабарлап отырамын. Бұл процесс өте көңілді өтеді деп естідім», – дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары