Мирас Жүгінісовтың тойға шығатын гонорары белгілі болды

Оның айтуынша, өнер иесінің тек ән айтқаны 4 миллион теңге тұрады.

Мирас Жүгінісовтың тойға шығатын гонорары белгілі болды
Мирас Жүгінісов
449

Әлеуметтік желіде музыкалық блогер Ғалымжан Сәңкібаев Мирас Жүгінісовтің тойға шығатын райдерін мәлім етті.

 

Оның айтуынша, өнер иесінің тек ән айтқаны 4 миллион теңге тұрады.

«Мені қатты таңғалдырған, ол – Мирас Жүгінісов. Оның райдері. Әншінің грим бөлмесіне бөтен адамның кіруіне қатаң түрде тыйым салынады. Мирас Жүгінісов пен оның директоры тек бизнес-класспен ұшуы керек, олармен бірге дыбыс режиссері де жүреді. Бірақ ол эконом-класспен ұшса болады. Егер де әншінің немесе оның жұмыс тобының жүгі ұшақта шектен асып кетсе, оның ақысын кім төлейді?! Әрине, өздері емес, сіз, яғни той не кеш иесі төлейді. Әншіні күтіп алуы үшін оның көлігі кем дегенде 10 жыл болған көлік болуы шарт, одан ескісі болмайды. Оны Cadillac немесе Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігімен күтіп алу міндетті. Әнші қонақүйде міндетті түрде люкс нөмірде жатуы керек. Ал оның көмекшісі қарапайым нөмірде жатса, болады. Мирасты шақыру үшін тіпті оның грим бөлмесінде де қатаң шарттары бар. Мысалы, шай, лимон, капучино міндетті түрде табылуы керек деген сияқты. Осының барлығын орындасаңыз, Мирас Жүгінісов сіздің тойыңыз немесе кез келген іс-шараңызда өнер көрсетеді. Осы үшін Мирас Жүгінісов қанша сұрайды? Тек ән айтқаны үшін 4 миллион теңге», – деді блогер.

Серіктес жаңалықтары