25 жастағы үндістандық мейіргер 50 жастағы қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Тергеу аяқталғанша, медицина қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді.

25 жастағы үндістандық мейіргер 50 жастағы қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды
сурет: istockphoto.com
484

25 жастағы үндістандық мейіргер 50 жастағы қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы  “Тhe times of India” басылымы хабарлады. 

12 шілде күні 50 жастағы қазақстандық әйел қызымен бірге емделу мақсатында Үндістанға барған. Жексенбі күні ол Гургаон қаласындағы Артемис ауруханасында тізе артроскопиясынан өтіп, оңалту бөліміне ауыстырылыпты.

Басылымның мәліметінше, 25 жастағы медбике Такур Сингх науқастың жөргегін ауыстырып жатқан кезде оның денесіне қол жүгірткен. Бастапқыда науқас мұны қателік деп ойлаған, бірақ медбикенің жыныстық сипаттағы әрекеттерін бірнеше рет байқаған соң, бұл туралы қызына айтуға мәжбүр болған. Қазақстандық әйелдің қызы жағдайды аурухана басшылығына жеткізіп, полиция шақыртты.

“Науқастың қызының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Аурухана науқастардың қауіпсіздігіне баса назар аударатынын мәлімдеді. Сондай-ақ медициналық мекеме тергеудің әділ өтуіне ықпал ететінін жеткізді”, – деп жазды басылым.

Тергеу аяқталғанша, медицина қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді.

Серіктес жаңалықтары