«1414-тен келетін хабарлама»: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Алаяқтар хабарламада келген кодты алып, цифрлық мәліметтеріңізге қол жеткізіп алуы мүмкін.

«1414-тен келетін хабарлама»: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды
gov.kz
626

Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келген кодты ешкімге жібермеу керегін ескертеді.

eGov.kz мәліметінше, алаяқтар хабарламада келген кодты алып, цифрлық мәліметтеріңізге қол жеткізіп алуы мүмкін.

«ЭЦҚ-ны өзге адамға берсеңіз алаяқтар түрлі құжаттарға заңды түрде сіздің атыңыздан қол қоя алады», - делінген хабарламада. 

Жеке деректерді қалай қорғауға болады:

  • 1414 кодын үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілттері болса, онда олар жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтарып алуды қадағалау қажет;
  • ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беру қажет;
  • ЭЦҚ кілттері бар флэш дискіні жоғалтқан кезде ЭЦҚ жоғалған кілттерін кері қайтарып алу қажет;
  • ХҚКО-да ЭЦҚ кілттерін алған кезде олардың құпия сөзін өзгертуді ұмытпаңыз;
  • бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін алуда ақылы көмекті қабылдамаңыз.

Серіктес жаңалықтары