ҚАЗАҚТЫҢ НАУРЫЗНАМАСЫ

Ертеде наурыздың жыл басы ретінде тойлануы парсы абыздарының күнтізбені дұрыс есептемегендіктерінен жылдың әр мезгіліне ауысып отырған. Наурыздың 22 күнінің жыл басы, 21-інен 22-сіне өтетін күннің күн мен түннің теңелуі ретінде тойлануы Омар Хайямның қатысуымен 1079 жылы жасалған күнтізбеден бастап тұрақталған. Омар Һаямның «Nevruz name» атты қолжазбасы күн күнтізбесінің тарихы мен күнтізбелік реформалардың жүзеге асуы, исламға дейінгі Иран жеріндегі Наурыз мерекесінің қалыптасуы, тойлануы, мерекеге қатысты аңыздар мен әңгімелер, мереке атрибуттары жайында жазылған бірегей туынды.  Деректерді негізге алсақ, Наурызды төл мерекесі ретінде тойлайтын шығыс халқының қайсысы болмасын, бұл мерекеге ерекше мән берген.  Мысалы, «Бабырнама» жазуында 1504 жылдан 1506 жылға өтетін Наурыз мерекесі Бабыр өз әскерімен Гумал өзенінің бойында Дашта жазығындағы Газниге барар жолындағы сапарына тура келген. Бабыр осы жерде мерекелік дұға оқып, «газал» (бата-тілек)   айтқандығы жазылған.

Қазақ халқының да Наурыз мерекесін тойлауы «Наурызнама» деп аталып,  басқа шығыс халықтарымен ортақ белгілері де, өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары да болды. Наурыз мейрамын тойлауды әр халық өз ұлттық ерекшеліктеріне қарай икемдеген.  Наурызнама  парсы елдерінің ортағасырлық мемлекеттерінде патша сарайларына лайық сән-салтанатпен өтсе, қазақтарда Наурызнама бірнеше күнге жалғасып, дәстүрлі қазақ қоғамына тән ғұрыптық мәнге ие ғұрыптық жоралғылар орындаумен ерекшеленді.

Наурызнама тарихы, маңызы туралы жазба деректердің қатарын орта ғасырлық шығыс ғұламаларының, Орта Азияға келген зерттеушілердің, саяхатшылардың, ағартушылардың және Алаш зиялыларының еңбектері құрайды. Қазақтар арасындағы Наурыз жайындағы көптеген деректер ауызша жетіп, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап хатқа түсірілген. Наурыз мерекесінің қалыптасуы, мағынасы туралы  қазақ халқының ғұламалары Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Алаш зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,  Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров  жазбаларының маңызы зор.

Аңыз бойынша, Жыл – жаңа туған бала, ол күн санап өсіп, үш айдан соң жігіт болады, күз түскенде қартайып, бурыл бас болады,  қыс түсіп, қар астында қалғанда кәріліктен өледі, осылайша он екі ай бітуімен ескі жылдың өмірі де бітеді. Жаңа жыл туғанда, сол күнді құттықтап, қуанғанды, құшағына алып, сый-құрмет жасау, қызық дәурен салу әр адамның міндеті болған екен. Бұл аңыздан қазақ халқының антропоцентристік  танымындағы «Жылдың» адам кейпіндегі моделін аңғаруға болады. Қазақ баланың дүниеге келуін ерекше бағаласа, Наурыздың келуін де  жоғары бағалаған. Қазақтар Наурыз мерекесінде бір-біріне «1 жасың құтты болсын» деп құттықтау, саламат жолдауының себебі осымен байланысты.

Наурыз мерекесі жайлы мына деректерге назар аударып көрейік: Омар Һаям: «…Үш жүз алпыс бес күннің (күндіз-түнінен) ширегінен тұратын ұлы дәуірді «Ұлы жыл» деп атады да, оны төрт бөлікке бөлді. Үлкен жылдың төрт бөлігі өткенде үлкен Наурыз болады. Бұл кезде дүние жаңаланады. Патшалардың бір рәсімі бар: жыл басында олар жақсылыққа бағыштап, әрі жыл есебін белгілеп алу үшін, тыныштық өмір үшін баршаға қатысты діни жиындар өткізулері лазым. Кімде-кім Наурызды мейрамдап құшуақ жүрсе, келесі Наурызға дейін тыныш, бейғам ғұмыр кешеді»; Абай  Құнанбаев «Бірер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» атты жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибағи», «хұзағи» деп аталған заманға дейін апарып, «Ол күнде Наурыз деген жазғытұрым мейрамы болып, Наурыздама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнді «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен»; Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама… Үйсін Төле бидің заманында Наурызнаманың қадір құны астан, тойдан ілгері (жоғары) болған»; М.А. Разул Заде: «Күншығыс мұсылмандарының, әсіресе Кавказ арты мұсылмандарының ардақты игі мейрамы Наурыз… Табиғат қыстан шығады… Күншығыс халқының жанына әдемі күндер, жан-жануар, шөптерге жан беретін сәулелер һәм нұрлар келеді… Мейрам ұлттың жеке-жеке болған мүшелерін біріктіріп, бір денедей қылып қосатын бір дәнекер… Наурыз мейрамы да мұндай мейрамдардың біреуі …ең салтанатты мейрам»; Міржақып Дулатов: «Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды күншығыс жұрттарының көбі,  Үндістан, Иран, Ауғанстан, Бұхар, Кавказ, Түркістандықтар мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді …ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, біздің қазақ-қырғызда жалғыз-ақ мейрам бар, ол Наурыз», – деген.

Қазақтар арасында ескі күнтізбе бойынша Наурызнама жасау наурыздың 9-16 аралығында жалғасқан. Жазба деректерге сүйенсек, ертеде жұлдыз есебімен санағанда қыс пен жаздың ауысатын уақыты 9 наурызға сәйкес келген және де қазақтар осы есепті орыс Григориан күнтізбесі ресми енгенге дейін берік ұстанып келген. Ескі жылдың шығып, жаңа жылдың кіруін сегіз күн бойына тойлаған. «Қазақ» газеті шығып тұрған уақытында (1913-1918) әр жыл сайын 9 наурызда Алаш зиялылары Наурыз мерекесінің мән-мағынасы туралы өз ойларын жазып, халықты құттықтап отырған. 9 наурызда жарияланатын редакциялық құттықтау мақалаларының авторлар қатарында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов болды.

Мәшһүр Жүсіп  қолжазбасының байырғы  қазақтардың Наурызнама жасауы туралы берер дерегінің маңызы аса жоғары. Ол 29 жасында Ғабдолла хан өткізген Наурызнама тойына сегіз күн бойына қатысқан. Бұл тойда күресте үш кісіні жыққан адамға бір шапаннан бәйге берілген. Тойдың сегізінші соңғы күнінде қожа Баһуалдин әулиенің басына барып, сол жердегі көлшікке қант төгіп, қант татыған тәтті суды жұрт жабыла ішіп, ырым қылған екен.

Сегізінші күн «мазаршариф», яғни «той тарқар» делінген. Той тарқарды әулиеге тәу ету, әулие басынан су ішумен бекітудің астарында қазақ халқының ата-баба культін берік ұстанғандығы көрінеді.

Енді мына дерекке көңіл аударайық. Арғынның айдабол руынан шыққан Едіге би Баянауылдан қасына жүз кісі ертіп, «Наурызнама» жасатамыз деп, Қызылтау қыстауында отырған Сәтімырза байдың ауылына барады. Сәтімырза қансонар болған соң, бүркіт салып, аң аулауға кеткен екен. Баяу атты бәйбішесіне «Наурызнама» деп кісі келе қалса, өзін жоқтатпайтынын тапсырған. Баяу бәйбіше «Жолаушы емессіз, әдейі Наурызнама жасатам деп келдіңіз», – деп сегіз күнді бірінен-бірін асырып Наурызнама жасаған екен. Қансонардан келген Сәтімырза бай Едіге тамырына бұл Наурызнама Баяу бәйбішенікі болды, мен оған ортақтаспаймын, менің Наурызнамам сыймен болсын деп, Едігенің өзіне түйе бастаған тоғыз, қалған жүз кісісінің бірін қалдырмай  түйе, ат мінгізіп қайтарған екен. Яғни, Наурызнама жасау қазақтың бәрінің  мырзалығына сын болған.

Қазақ халқы Наурыз мерекесін қазақ жерінің қай өңірінде болмасын күн мен түннің теңесетін, жаңа жылдың басталар уақытында, жыл басында көктемнің алғашқы күндерінде тойлаған. Сырдың төменгі ағысы бойы, Маңғыстау, Үстірттегі таза көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақтар қыстаудан көктеуге наурыздың 1-інен бастап-ақ көшкен. Ал қазақ жерінің Жетісу, шығысы мен солтүстігіндегі қазақтар болса, наурыздың басында қыстауда отырған, олар көктеуге сәуірдің басында, кей ауылдар сәуірдің 10-20 аралығында көшкен. Әрине, бұл ауылдар наурызды қыстауда отырғанда өткізген. Мысалы, Сәтімырза бай Наурызнама кезінде қансонарға кеткен. Қансонарға қазақтар қыстауда отырғанда шыққан. Яғни қазақтар наурызды қарсы алу уақытын өзгеріссіз, яғни табиғат құбылысынан тыс, күнтізбелік тәртіппен атап келген. Солтүстік өңірде қыс ұзақ болып, қыс суығының ызғары қайтпаса да, қыстауда отырып, Наурызды өз күнінде тойлаған.

(Наурыз жаңғыртылған алғашқы жылдары Наурыз туралы рухани танымдардың аздығынан кей ұжымдар сәуір айында  Наурызды атап өтіп жүрді. Қазір де кейбір адамдар сәуір айында Наурыз тойлап, күн ысығанда Наурыз көже пісіру әдетінен арыла алмай келеді. Тіпті Наурыз тойлауды ресми түрде сәуір айына ауыстырайық деу, табиғат заңдылығын мойындамаудан туындайды).

Жазба және ауызша деректерді негізге алсақ, Наурызнама кезінде жасалатын салт-дәстүрлердің көбі жойылған, кейбірі бізге өзгеріп жеткен. Қазақтар наурыз айындағы күннің ұзаруын «Ұзынсары» деп атайды. Ұзынсарыға деп қысқы соғымнан шеке (бас), ет, кептірілген ірімшік және қарынға салып май, жент  сақтаған. Қыстың күні балалары жентті қашан жейміз десе, шешелері «Самарқанның көк тасы жібігенде бұл жент өзі балқып босайды, сонда бастаймыз», – дейді екен. Бұл күні наурызға соғымнан сыбаға ретінде сүрленген етті сақтаса да, арнайы бас сақтамайды және жентті қарынға салып сақтамайды.

Жазба деректерді негізге алсақ, Наурыз көжеге бас салуға ерекше мән берген.  Наурыз көжеге деп арнайы мал соймаған, оны «пышақ қандамау» дейді. Яғни, қазақтар Наурызға дейінгі сойылған малдың басын сақтайды.  Мәшһүр Жүсіп: «Байырғы қазақ қоғамында «Наурызнама» жасауға шамасы келмегендер, жалғыз қой сойса да наурыз күні ауылға дәм таттырам деп қамданған»,  – дегенде Наурызға дейінгі сойылған мал жайында айтылғанын аңғару қиын емес. Ал, Мағжан Жұмабаев: «Жаңа жыл күні қазақ әдетінше әр үйде қазан-қазан көже пісіреді. Көженің ішіне қысқы соғымның тек басы салынады. Көжеге көп сүт құйылады. Басты, шекені қарттар мүжіп, құлақты балаларға кесіп беріп, басқа жұрттар көжені талап ішеді… Бұл көже ішу (сүт құйған) – келе жатқан жазбен ұшырасып, қарсы алып, ас ішу ретінен аққа (сүтке) көшу. Көжеге тек бас салып асып жеу – қарлы қыспен,  қыс тамағы етпен (қызылмен) қоштасу», – деп түсіндіріп кеткен.

 

– Айтпақшы, ене, Наурызға,

Астың ба көже, етіңді?»

– Асқан болдым бірдеңе

Көк аттың салып шекесін…

…Қынынан пышақ суырып,

Шал қолына басты алды.

(Бейімбет Майлин)

 

«Қатын тұр, көжеңді ас, басыңды сал,

Келейін түске шейін мен жайып мал». (Бейімбет Майлин)

Наурыз көже ішілген соң қариялар: «Ауыз ақтан арылмасын, қызылды уақытымен көрсетсін, жас құтты болсын!», – деп бата берген. «Қызылды уақытымен көрсетсін» деп бата қылғанда, алдағы жылдағы соғымға жеткізсін деп ниет қылған.  Міржақып Дулатов: «Қазақта айран көп, орыста мейрам көп», – деп ағарғанның Наурыз көженің басты атрибуты екеніне байланысты айтқан.

Қазақтар арасында наурыз көже дайындау әдісінде аймақтық ерекшеліктер байқалады. Көжеге арпа, ағарған, сүр ет пен қазы қосу қазақ жерінің барлық өңіріне ортақ болса, Батыс Қазақстанда, Сырдың төменгі ағысы бойында жүгері, тары, Сырдың орта ағысы бойында маш, бұршақ, кеспе (қамыр жайып кесу) қосады. Қазақ жерінің шығыс бөлігінде «көп көже», «қос көже» (қосылатын жеті түрлі тағам түріне байланысты), оңтүстік шығысы мен Жетісуда «тілеу көже» (Жаңа жылдан тілек тілеумен байланысты) деп аталады. Қариялар арасында «жылы көже», «құдайы көже» деп атау да кездеседі.

Наурызда арпадан дәм пісіріп жеу бағзы заманнан қалыптасқан. Арпаның қадір-қасиеті жайында көне парсылардан мынандай аңыз келіп жеткен: Адам Ата бидай жеп қойғаны үшін жұмақтан қуылған. Адам бидайды қанша жесе де тоймаған соң, Изид тәңіріден бидайды арпамен ауыстыруды сұрайды. Ол арпадан нан пісіріп жегенде ғана өзінің тойғанын сезген. Сол күннен бастап адам баласы жаңа піскен арпаны көрсе жақсылыққа жорыған, құтты ас санап, наурызда жеген арпа күш-қуат береді деген.

Тағы бір аңыз бойынша 579-590 жылдары парсы елінде патшалық құрған Һурмуз фарвардин  (наурыз) айында арпа егістігінен өтіп бара жатқанда егістік суы тасып жолға шығып кеткен. «Арпа дәні шарапатты, сабағы болса құтты»,– деп көзеге сол судан толтырып алып ішкен. Арпа егілген жерден тасыған судан ішкен адам келесі жылы арпа егілгенше сергек, әрі бақуатты жүреді делінген. Табарстанның (Каспий теңізінің оңтүстік беті) сұлтаны Шәмсұл-мүлік Қабұс Вушмагир «арпа – пайғамбарлар мен тектілердің, әрі шаруалардың асы. Ал патшалық дегеніңіз осылармен байланысты», – деген екен. Отырықшы халықтар Наурызда тек арпадан көже пісірген. Ал қазақтардың жылқының сүрлеген еті мен қазысын қосуы дәстүрлі   мал шаруашылығымен, ұлттық тағамдар жүйесімен байланысты.

«Самарқанның көк тасы да жібиді» сөзінің астарында адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасы жатыр. Байырғы қазақтар халықтық астрономиялық білімінде, шын мәнінде наурызда Самар­қанның көк тасы жібиді деп танып, ата-бабаларының мазарының басына көктас қоюға тас әкелуге Самарқанға түйемен аттан­ғандар болған. Оны Сыр қазақтары қайрақ тас деп те атаған.

Қазақ үшін қыста болатын жұт ең үлкен қауіп-қатер еді. Себебі қыстың қатты болуы жұтқа әкеліп соғып, мал басының азаюына тікелей әсер еткен. Міржақып Дулатов:

«Қуаныш мал мен жанда,

Қыс шыққан өлмей тірі», – деген өлең жолдарында Наурыз мерекесіндегі басты тілек, Наурыздағы көрісудің басты мәні қыстан мал-жанының бүтін шыққанына тәубе қылумен қатар, Жаңа жылда бір бірін аман-есен көрген қуаныштарын бөлісу екендігін жеткізген.

Қыстан аман-есен шыққандарына тәубешілік ету, отпен аластау,  қауақ сындыру ғұрыптық жоралғылар жасаумен жалғасқан. Қыстан келетін қауіп-қатер сынған ыдыспен кетсін деп, «қауақ сынды, қайғы кетті» деп айтып, қауақтан жасалған ыдысты, болса кетік ыдысты сындырған,  бәле-жала ескі жұртта қалсын деп, өздері оттан секірген, мал отарын екі оттың арасынан өткізген. «Көшті аластау» ғұрыптық жоралғылары көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу кезеңінен бастап жойылған.

Сондай-ақ, байырғы қазақтар Наурызда ескі заттардың бірін «бәле-жала осымен кетсін» деп жер ошақ жасап, отқа жағып, күлін көміп тастаған. Бұл ғұрыптық жоралғылар ескі зат үйдегі ошаққа тасталмағандықтан «моғал ошақ қазу» деп аталған. Қазақтар арасында ертеде Қайраханды көшіру, төрткөз сарыаяқ итті өлтіру, жұп шырақ жағу ғұрыптық жоралғылары болған. Бұл көне ғұрыптық жоралғыларға кезінде қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов үлкен мән беріп, көнекөз қариялардың көзі тірісінде олардан сұрап жазып алған. Аластау, жұп шырақ жағып тілек тілеу рәсімдерінің архисемасы (түпкі мәні) отқа табынумен байланысты сенім. Қазақтардың сенімінде Қайрахан жамандықтың иесі саналған мифтік бейне. Қазақтардың «Қайрахан», «төрткөз ит» бейнелерін адамға зиян келтіретін күш деп санауы исламға дейінгі көне нанымға байланысты. Қайрахан – арғы қазақтардың ескі нанымында зиянкес күш иесі саналатынын Сәкен Сейфуллин де 20-ғасырдың басында жазып кеткен:

…Көш Қайрахан, көш» десіп,

«Көз көрсетпей өш» десіп…

Қайраханға деген сенім түркі халықтарының бәрінде бірдей емес. Керісінше, Сібір түркілерінің тілінде, яғни – алтайлықтарда, тувалар мен телеуіттерде қолданылатын «жаратқан иенің қастерлі аты, жебеуші періште» деген ұғымды білдіреді.  Ал моңғол тілінде Қайрахан  «тау-су иесі» мағынасында қолданылған екен. Сібір түркілері мен моңғолдардың тілдеріндегі Қайраханның «қастерлі, қасиетті»  күш иесі екендігі, олардың бір-бірімен мәдени-тілдік қарым-қатынастарын көрсетеді.

Ертедегі қазақтар ыдысқа сүт құйып, «Қайрахан көш, көш» деп, ыдыстағы сүтті дүниенің төрт бұрышына шашқан. Күнделікті сенімде қазақтар ағарғанды төкпейді, қасиетті ас санайды. Төрткөз итті өлтіру ғұрыптық жоралғыларын байырғы қазақтар «Кербала» оқиғасымен байланыстырады. Хазіреті Ғалидың Фатимадан туған  баласы Хұсайынды Кербала шөлінде қинап өлтіргендерді, шейіт болған сарбаздың дүние-мүлкін тонағандарды Хақ тағала доңыз бен төрткөз итке айналдырған. Солардың бірі Шәймір Кербала шөлінде төрткөз ит болып жүреді екен. Индо-иран мифтерінде төрткөз итті ажалы жеткендерге жібереді екен. Қазақтар төрткөз итті асырамаған, көрсе қуып жіберген, ал Наурыз кезінде көрсе, қан шығармай күшәлә беріп өлтірген. Ал күнделікті өмірдегі наным-сенімінде ит тотемінің маңызы жоғары саналады. Қазіргі күндері осы айтылған көне ғұрыптық жоралғылар да  жойылып кеткен. Сондықтан да Мұхтар Әуезовтің бұл қолжазбасының өткен өмір танымдарын білуде маңызы зор.

Нақты астрономиялық жыл­дың­­­ ұзақ­тығы жуық түрде 365, 24 тәу­лік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды.  Қазақ есепшілері жыл толық болу үшін, жыл айларынан тыс 5 күн қосып, осы күндерді «бесқонақ» деп атаған (Бұл жаңбырлы «бесқонақ» күндер емес).

«Бесқонақ» жыл сайын 17 наурыздан, кібісе жылдары 16 наурыздан 21 наурызға дейінгі аралыққа келіп отырған. Айлардан тыс алынатын мұндай күндер басқа халықтарда да болған. Мысалы, б.з.б. 4-мыңжылдықта Мысырда 360 күннен кейін қосылатын 5 күнді құдайлар атымен (Осирис, Гор, Сет, Исида және Нефтида) атаған. Ежелгі парсы күнтізбесінде қосалқы 5 күн «фәнджи» немесе «андаргах»  («ұрланып кіретін» немесе «кетікті толтыратын») деп аталған. Фәнджи парсылардың 8-ші  және 9-айының аралығына қойылған. Ежелгі Соғды мен Хорезм күнтізбелерінде де қосалқы күндер болған.

Қазақтағы жыл санауға «бесқонақ» күндерді қосу қай уақытқа дейін жалғасқаны белгісіз, қазіргі кезде ұмытылған.  Байырғы қазақтар арасында да жыл санау тұрақты болмаған.  Әбубәкір Диваев ХІХ ғасырдың аяғында Сыр өңірі қазақтарынан ертеде 1 наурызда Наурыз тойлау – «қарт наурыз жүйесі», күн мен түннің теңелетін уақыты «жас наурыз жүйесі» деп аталатынын жазып алған. Жаңа жыл санау бойынша «қарт наурыз» – наурыздың көрісу күніне, 9 наурыз «жас наурыз жүйесі» – 22 наурызға сәйкес келеді.

Көне түркілер, қазақтар «Наурыз» мерекесін «жыл басы» ретінде ғана емес, табиғаттың жаңаруы ретінде де тойлаған. «Наурыздан соң жаз деймін» немесе «Наурыздан соң жаздаймын» дегенде  «Наурыздың» көктем мезгілінің жаңаруын меңзеген. Сол себепті, қазақтар халықтық білімдер жүйесіне сәйкес Наурыз мерекесінің келуін, шартты түрде  көктем мен жазды біріктіріп, табиғаттың жаздай құлпыруына орай, «жаз келді» деп сипаттаған. Міржақып Дулатов жыл мезгілдеріне арнаған прозалық шығармаларын «Жаз. Жаз кеші. Шілде. Күз. Қыс» тақырыптарына бөліп, көктем табиғатын – жаз, жазды – шілде деп сипаттауы да дәстүрлі халықтық білімді игеруіне байланысты.

Үйден шығып балалар,

«Жаз болды, міне!» десіп тұр.

Сағындырған жаз желі

…Оңтүстіктен есіп тұр

Сағындырған жаз желі,

Құшақтап беттен сүйіп тұр».

Жазбен келген құстар жүр,

Шаттанып жырлап сұңқылдап.

(Сәкен Сейфуллин. Жаңа жыл)

 

Жыл құсын көргенде:

Самалық! Самалық!

Көк құс көзін ашты ма,

Аяғын жерге басты ма?

Самалық! Самалық!

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Самалық! Самалық!

(Мағжан Жұмабаев.

Жыл мезгілдері. Жаз)

 

Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,

Кешегі көрген бейнет артта қалды

(Бейімбет Майлин. Наурыз тілегі).

 

Күн шырайы, келін-ау,

Жаз боп қалған секілді.

(Бейімбет Майлин. Наурыз күні)

 

Келіпті жылдың құсы,

Күнде шу көлдің тұсы.

Күн жылы ызғары жоқ,

Жаз шығып, кеткен қысы.

 

Ойын-той болып жатқан,

Ел көшіп-қонып жатқан,

Жаз шығып, жазғытұры,

Анау мал толып жатқан

(Міржақып Дулатов. Наурыз)

Байырғы қазақтар «Жаңа жыл» сөзін осы Наурыз жыл басына байланысты қолданған.

«Жаңа жылда жаңа тілек тілейік,

Ескі жылды ескере де жүрелік,

Кеп жүрмесін қайта айналып түнеріп,

Көзің жасты, көңілің қаяу алашым!..

…Бүгін халықтың қуанышы кең күні,

Күн менен түн – таразының тең күні.

«Құт-береке болмаса екен кем күні»

Деп тілейік, қолың жай-ау, алашым!

(Міржақып Дулатов. Жаңа тілек.)

Сәкен Сейфуллин 1917 жылы 22 наурыз күні қазақ халқына жолдаған құттықтау сөзінде: «Ескі жыл өтіп Жаңа жыл, жаңа жаз келді», ал, 1917 жылы жазған «Жаңа Жыл» атты өлең жолдарында:

Жаңа Жылды қарсы ап тұр,

Кәрі жас та, бала да, – деуі қазақтардың Наурыз мерекесіне «Жаңа жыл» атауын қоса қолданғанын нақтылай түседі.

Қорыта айтқанда, Наурыз мерекесін тойлайтын шығыс халықтарының барлығы үшін ортақ мүдде – адамдардың табиғатпен тіл табысуы, жыл басын ізгі ниетпен, жақсы көңілмен қарсы алып, тыныштық, молшылық тілеу, адамдардың бір-бірін кешіріп, этикалық-моральдық қатынастарын реттеу. Наурыз мерекесін мұрат еткен мұсылман дініндегі түркі халықтары мерекені өздерінің тарихи дәуір талабына сай атап өткен және өз  ұлттық ерекшеліктеріне қарай бейімдеген. Мерекені атап өтудегі ғұрыптық ерекшеліктер халықтардың дәстүрлі шаруашылығымен, наным-сенімдер жүйесімен тығыз байланысты.

Жазба деректерді негізге алсақ, қазақ жерінде ХХ ғасырдың бас кезінде Наурыз мерекесінің бұрынғы кезеңге қарағанда бәсең тойланғандығын аңғаруға болады. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жеріндегі орыс отаршылдығының күшеюі, қазақтың дәстүрлі шаруашылығындағы бетбұрыстар, көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы  шаруашылыққа өтпелі кезеңнің қазақ қоғамына дендеп енуі, жұттың жиі болуы Наурызнама жасауға да әсер еткен. Атеистік саясат ұстанған Кеңес үкіметінің  билігі 1926 жылы Наурыз мерекесінің діни сипаты бар деген сылтаумен Наурыз тойлауға ресми тыйым салғандықтан, ауылдық жердегі қариялар наурыз көже пісірумен ғана шектеліп отырғаны баршамызға аян. Кеңестік дәуірде Наурыз  ашық тойланбауы себепті, тек қазақ халқына тән (олай  болу себебі, отырықшы мәдениеттегі шығыс халықтарында жоғарыда айтқан көне реликтер болмаған) бірқатар ғұрыптық жоралғы рәсімдер жойылып кеткен.

Наурыз мұсылман халықтарының тұр­мысында ислам дінінен бұрын қалыптасқан,  байырғы зороастризмнен бұрын сіңген. Тамырын тереңнен тартқандықтан бұл мереке халықтың салт-санасына берік орныққан.  Сондықтан да ата-бабаларымыз басынан қанша жаугершілік, ашаршылық жылдарды өткерсе де, наурыз мейрамын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізген.

 

Тәттігүл Қартаева

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...
2021041616502984086 photo 7145

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа...
photo 358388 1

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады....
knftmtkrqv41y7bl46d9cgpct4v0hlgg front

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан...

Жаңалықтар

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....

Жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділова Талдықорғанда жерленді

Алматыда болған жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділованы Талдықорған қаласында жерледі. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», -...

Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең...

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның...

Жаңаөзендік әйел 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан

Жаңаөзен қаласында анасы баласын миы шайқалғанша ұрып-соққан. Енді ол ата-ана құқығынан айырылыуы мүмкін. Бұл туралы "Лада" басылымы хабарлады.  Басылымның дерегінше, оқиғаның мән-жайын қалалық аурухана дәрігері...

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағынының әсерінен...

Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan» ...

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстаннан туған ата-анасын іздеуде

Ной Сак Маршалл Қазақстанда туған, екі жасында оны америкалықтар асырап алған. «Менің атым – Ной (туғанда Каримов Сұлтан Үмітұлы деген аты-жөні болған). Мен 1999 жылғы...

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау...

Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті. Күн...

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығымен Түркістан музыкалық драма театрының директоры қызметіне Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің...

CureVac вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтеді

СureVac неміс вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтпек,-деп хабарлайды Хабар 24. Клиникалық сынаққа 12-17 жас аралығындағы 40-қа жуық Перу мен Панамалық жасөспірім қатысады. Бұған дейін неміс...

Әсел Қалиева: «Мыстан» сериалына түскеннен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды

Өткен жексенбі 11 сәуір күні «Мыстан» веб-сериалының соңғы кадрлары түсірілді. Бұл Salem social media мен ARTDealers компаниясының бірінші ортақ жұмысы. Түсірілім жұмыстарының басқа жұмыстарға...

Белгілі журналист «Cамұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды. БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр...

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге...

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәліметінше, шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға...

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз...

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күнтәртібіндегі бірқатар сұрақ бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар,...

«NurOtan»: партиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін 9 кеңес құрылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамындағы 5 нұротандық – осы саланың...

Ақын Есенғали Раушанов дүниеден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды ақын Ақберен Елгезек Facebook желісіндегі парақшасында жеткізді. Ол 1957 жылы 5...

Өткен тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 601 Алматы қаласы - 673 Шымкент қаласы -...

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокдаунға түсірді

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді,...

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне студенттер оқ атқан

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері...

16 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1918 жылы 16 сәуірде Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш...

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын...

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың тек оңтүстік...

“Грэммиі” мен “Приорасы” бар: Иманбектің желідегі суреті жұртты сүйсіндірді

Instagram желісіндегі @nursultan.city парақшасында “Грэмми” сыйлығын иеленген Иманбек Зейкеновтің көлігін жөндеп жатқан суреті жарияланды.  “Грэммиі” бар адамның “Приорасы бар”. Бір уақытта. Мұндай жағдайды бола бермейді....

ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі жемқорлық бойынша күдікке ілінді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселе алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, балалар үйінің 160 қызметкері...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Станислав Канкуровтың Алматы қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына сайлануына байланысты «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне жаңа кандидатура қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалының...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жоспарындағы Әл-Фараби даңғылындағы ерекше көпір һәм таңғажайып саябақтың нобайы таныстырылды. Жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға...

500 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлады Ақорда. Биылдан бастап Мемлекет басшысының...

Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүй­сенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алма­ты­дан Батумиге тұрақты рейс қатынайды. Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырыла­ды. Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC...

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 миллион ағаш отырғызылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде 30 млн. ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз...

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы. «2020 жылғы 19 наурызда А. есімді...

Атажұртқа алғаш көш бастаған қандастар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, шетелдегі қандастардың атажұртқа бастаған көшіне де 30 жыл толды. Осынау тарихи сәтке мұрындық болып, үлкен игі іс атқарған...

Батыс Африка балаларына білім беріп жүрген Лаура

Туған жылы: 1981 Туған жері: Жамбыл об­лы­сы Жамбыл ауданы Жасөр­кен ауылы Білімі: Жамбыл техника­лық-гу­манитарлық университеті Қызметі: Ломедегі британдық мек­теп (Батыс Африка, Того мемлекеті) Қазіргі таңда қазақстандық мұғалімдер штаб-пәтері...

Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған...

Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды. «14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп...

Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында...

Хан Кененің қазасы

Өткен жылдың соңын­да әлеуметтік желі­де қырғыз жазушысы За­мирбек Осоров пен «Бей­бітшілік үшін күрес» қоғам­дық қорының мүшесі Вале­рий Яковлевтің қа­зақтың ханы Кенесарыға Бішкектің төрінде ескерткіш...

Тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды – Сенатта заң жобасы қабылданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай...

Сөздік құрастыруға қазақстандық ғалымдар көмектеседі

Газетіміздің 2021 жылғы 18 ақпандағы (№07) санында Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің түлегі әрі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұрай) «Қазақ-кәріс...

Білім сайысы мәресіне жетті

2021 жылы сәуір айының алғашқы күндері күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми іс-шара өтті....

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Қоғамда «Жастар ғылым саласына қызықпайды» деген таптаурын көз­қарас қалыптасқан. Оған себеп те жоқ емес. Ғылымның болашағына деген күмән, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы­ның әл­сіздігі, жалақының...

Вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты.  «Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус...

Карантин құрсауы кәсіпкерлікке ауыр соққы болды

Елімізде коронавирус қайта өршіді. Республика аума­ғында вирустың мутацияланған түрі анықталғалы бері індет жұқ­тыр­ғандардың тәуліктік өсімі күннен-күнге ар­тып келеді.  «Қызыл» аймаққа енген өңірлерде шектеу шара­­­лары...

Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар

Әнші Ерке Есмахан өз тыңдармандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза тұтқан жамағатқа тілегін айтты. Әншінің өзі биыл ораза ұстамаған екен. Айтуынша, оның жақсы...

АҚШ-та метеорит құлады

АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады. Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид...

Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Танымал әнші, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін...

Кемелдік келбеті

Саясатты мемлекет басқар­ған тұлғалар жасайтыны бел­гілі. Сондай-ақ, саясат жайын­­да аса ауқымды талдаулармен ел бо­ла­шағы үшін істелген іс­тердің мән-ма­ғы­насын жан-жақ­ты түсіндіріп беретін де солар. Өйткені...

Елімізде вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында еліміз бойынша вакцина алғандар азаматтар бойынша мәліметтерді жариялады. 2021 жылғы 15 сәуір күнгі деректер бойынша: Нұр Сұлтан қаласында І компонентпен...

Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters. Дания билігі қан ұю қаупі туралы хабарламаларға байланысты AstraZeneсa вакцинасын қолдануды...

Түркістанның 1500 жылдығын атап өткендегі мәлімет жаңсақ, көне қаланың 3 мың жылдық тарихы бар – тарихшы

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ірі ғалымдар, археологтармен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің...

Тәуелсіздік күнтізбесі: 15 сәуірде қандай елеулі оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігінде Елшілігі ашылды. 2005 жылы Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылды. 2006 жылы Түркия Республикасының беделді...

Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір өңірде Сергеев су қоймасы тасып жатыр.

Мәжіліс жер туралы заңды Сенатқа жолдады

Мәжіліс ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен сатуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.  Тарихи құжат осылайша Сенат қарауына...

Өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Өңірлер бойынша мәлімет: Нұр-Сұлтан қаласы - 650, ...

Алматыда жаңа тоғыз саябақ ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматыда...

Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды

Қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков Қырғызстандағы мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұсталды. Кеше Қырғыз Республикасының МҰҚК екі азаматты мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұстау туралы ақпарат таратты....

Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу  шаралары 2021 жылғы 15 сәуірден 28 сәуірге дейін ұзартылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. ШҚО Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Тұрдиев 2021 жылғы...

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты...

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Щучинск қаласында жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Оқиға 11 сәуірде кешкісін болған, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Көлікте...

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді. – Біз апта сайын жылжымайтын мүлік...

«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы «Фолиант» баспасынан жаңа форматта қайта басылып шықты. Бұл туралы ҚЖО-ның Нұр-Сұлтан...

«Нурикамал» әнінің кейіпкері қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден өтті. Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылғы 12 наурызда Ақмола облысығ Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер...

Қандай препарат екені құпия: Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Алайда Кремль қандай препарат екенін нақты жариялаудан бас тартты. Владимир Путин алғашқы вакцинаны 23 наурызда...

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

Анатолий Жбанов бұған дейін төлқұжатын 32 жасында өзгертіпті. Қазір ол 63 жаста. Осы уақыт ішінде ол Кеңес одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы Orda.kz...

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламенттің жоғарғы Палатасының заң шығарушылық қызметі туралы мәлімет берілді. Мәулен Әшімбаев Сенаттың...

Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр

Tesla компаниясы Германияда салынып жатқан электромобиль шығаратын зауытқа қызметкерлер жалдау мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды. Өндірісті 2021 жылы іске қосу жоспарланғанымен, көптеген жұмыс орны...

«Бақытты отбасы» жобасы аясында мәселелер шешімін тауып жатыр

Түркістанда «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында құрылған Түркістан облыстық жедел әрекет ету тобының отырысы өтті. Оған топ құрамына кіретін облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен...

Әлия Назарбаева ерлік жасағандарды марапаттайды

 «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева Adam Bol Awards жобасының жаңа кезеңі басталғанын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады....

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Сақтаған Сәдуақасов Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және...

АҚШ президенті 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерін шығаратынын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары бірінші мамырдан бастап барлық күштерін Ауғанстаннан шығаруға кіріседі", - деп мәлімдеді Evorus.com. Америка президенті Джо Байденнің жоспары туралы ақпарат Washington Post газетіне...

Актер Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді

Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді. Актер ұлының суретін ашық жариялап, толық аты-жөнін жазды.  Тәуекел Мүсілім жақында әке атанып, ұлына ерекше есім қойған еді. Анасының...

Алматыда дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған жігітті құтқарды

Алматыда №4 аурухананың дәрігерлері денесінің 85%-ын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 7-region.com хабарлады. Белгілі болғандай, студент 2 ақпанда бензин құйылған құтының...