Маңғыстауда құны 3,1 млрд теңге болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жоспардан тыс тексеру кезінде сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 457 га жер учаскесі Жер Кодексінің 43-бабының нормаларын бұза отырып, жеке меншікке берілген.

Маңғыстауда құны 3,1 млрд теңге болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды
gov.kz
510

Маңғыстауда құны 3,1 млрд теңге болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабапрлайды turkystan.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлікке қарасты Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 457 га жер учаскесі Жер Кодексінің 43-бабының нормаларын бұза отырып, жеке меншікке берілгенін анықтады.

"Маңғыстау облысы Қарақия ауданының "Коса Ада" аумағында орналасқан учаскенің кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайды. Атап айтқанда, жер учаскесі жер комиссиясының қарауынсыз және жерге орналастыру жобасын жасамай ресімделгені анықталды. Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшесінің өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Сот шешімімен талаптар толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді", делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары