«Себеп болайықшы»: Жахан Отарғалиев өзін жылатқан жағдай туралы айтты

Актер күйеуінен айырылған жесір әйелдің мұңын тыңдап, балаларының жағдайын көріп еріксіз көзіне жас алды.

«Себеп болайықшы»: Жахан Отарғалиев өзін жылатқан жағдай туралы айтты
İnstagram/zhahan_utargaliyev
748

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев көзіне жас алған видеосын жариялады. Оның жылауына марқұмның арманын есту себеп болған.

Актер күйеуінен айырылған жесір әйелдің мұңын тыңдап, балаларының жағдайын көріп еріксіз көзіне жас алды. Жұбайынан айырылған әйелдің күйеуі туралы айтқаны өнер иесіне ерекше әсер еткен көрінеді.

«Жаңағы отбасын көріп шығып келе жатырмын ғой. Күйеуіне зар болып отыр ғой. «Балаларымның үйі болса екен дейтін» деп күйеуін мақтап отыр. Кез келген нәрсеге шүкір ету керек сияқты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Баршамыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осы отбасының үйлі болуына себеп болайықшы, жаны жомарт жандар», - деп үндеу жасады актер әлеуметтік желіде. 

Серіктес жаңалықтары