Атырауда бассейнге батып кеткен 10 жастағы бала көз жұмды

Оқиға бүгін, 14 шілде сағат 16:30 шамасында болған

Атырауда бассейнге батып кеткен 10 жастағы бала көз жұмды
istockphoto.com
553

Атырауда «Мұнайшы» стадионындағы бассейнге батып кеткен 10 жасар бала көз жұмды. Қазір кешенді тергеу басталды, деп жазады turkystan.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 14 шілде сағат 16:30 шамасында болған. 

«Атырау қаласындағы „Мұнайшы“ стадионындағы бассейнге 10 жасар бала батып кетіп, қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары