Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект институты ашылды

Институт Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы аясында Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің базасында ашылды

Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект институты ашылды
24.kz
308

Қазақстандағы тұңғыш жасанды интеллект институты ашылды, деп хабарлады turkystan.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Институт Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы аясында Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің базасында ашылды. Болашақ бағдарламашылар, киберқауіпсіздік, информатика және ақпараттық жүйелер мамандары Сеул ұлттық ғылым және технология университеті әзірлеген бағдарламалар бойынша оқытылады, - делінген хабарламада.

Биыл институт төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 грант бөлді: "Информатика", "Ақпараттық жүйелер", "Киберқауіпсіздік", "Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу".

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобасы қуатты материалдық-техникалық база құруды көздейді. Заманауи зертханалар ашып, озық білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары