ШЫҰ жастар кеңесінің отырыс өтті

ШЫҰ жастар кеңесінің отырыс өтті
284

Астанада «Экологиялық орта­да­ғы жастар көшбасшылығы: ШЫҰ шеңберінде тұрақты болашаққа жол салу» тақырыбында Шанхай ын­­­ты­мақтастық ұйымы Жастар кеңе­сінің XVII отырысы өтті. Ұйым­­­­­дас­тырушы – «AMANAT» пар­тия­сы «Жастар Рухы» жастар қана­ты. Іс-ша­ра­ға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қа­­тысты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мү­ше және байқаушы 10 мемлекеттің 150-ден астам делегаты – жас көшбас­шы­лар ұйымның Жастар кеңесінің ке­зек­ті оты­рысына қатысу үшін елор­да­да жиналды. Іс-шара ШЫҰ мемлекет бас­шы­ла­рының Астана Саммиті қар­­­­­саңында өтуде. Мәжіліс Спикері,  «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қо­шанов жиынға қатысу­шы­лар­ды құттықтап, сөз сөйледі.
– Қазақстан Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйы­мына төрағалық ету шең­бе­рін­де 2024 жылды Экология жылы деп жа­­­­риялады. Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев эко­логиялық күн тәртібін ілгерілетпей, қо­ғамның әл-ауқатын арттыру мүм­кін емес еке­­нін атап өтті. Климаттың өзгеруі, та­би­ғи апат­тардың жиілеп кетуі мен олар­дың ау­қы­мы кеңеюі бізден бірлес­кен күш-жігерді қа­жет ететінін тү­сінуі­міз керек. Бұл істе жас­тар қауымы ше­­шуші рөл атқаруы керек. Бү­гін сіз­дер­­дің тараптарыңыздан экология­лық сын-қатерді еңсеру бойынша тың әрі ба­тыл шешімдер ұсынылатынына се­нім­дімін, – деді ол.

Мәжіліс Спикері соңғы уақытта ШЫҰ-ға мүше әрбір ел климаттың өз­геруі сал­да­рымен бетпе-бет келгенін ерек­­ше атап өтті. Мә­селен, Үндістанда әдет­­тен тыс аптап ыс­тық орнады, Қы­тай­­дың кейбір про­вин­цияларында нө­­сер жаңбыр жауып, дауыл соқ­ты, Ре­сейді алапат су тасқыны әбігерге сал­­ды, Қазақстан да соңғы 80 жылда бол­ма­­ған дәл осындай ірі табиғи апатқа тап болды. 
– Бұл – шұғыл шара қабылдау қа­жет еке­нін көрсетіп отырған нақты бел­гі. Сон­дықтан біз заңнамалық база­ны нығайту жә­не жасыл күн тәртібін іл­герілету бағы­тын­да жұмыс істеуіміз керек, – деді Е.Қошанов.
Осы орайда, «AMANAT» Төрағасы эк­о­­ло­гия мәселесіне қатысты Қазақ­стан­да қа­былданып жатқан жүйелі ша­­раларға тоқ­талды. Мәселен, су ре­сурс­тарын пайдалану тә­сілін түбегейлі өзгертетін жаңа Су кодексі әзірленуде. 2025 жылға дейін елімізде 2 миллиард түп ағаш егіледі. Президент бастамасы бойынша жаңа экологиялық сана қа­лып­тастыруға және әр азаматты күн сайын қоршаған ортаның тазалығын сақ­тауға, оны өмір салтына айнал­дыру­­ға ша­қыратын «Таза Қазақстан» жал­пыұлттық ау­қымды акциясы жа­рия­ланды.
Өз кезегінде, «Жастар Рухы» жастар қа­­на­тының төрағасы Ақерке Искан­дерова қа­зақстандық жастардың қор­ша­ған ортаны қорғау бағытындағы жұ­мысы туралы айтты. Пре­зиденттің «Та­за Қазақстан» акциясына 2,4 млн-нан астам адам қатысты, 900 мың тон­­на­дан астам қоқыс жиналды, 2,5 млн-ға жуық жасыл желек егілді. 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары қай­та қалпына келтірілді.
– Жуырда Астана мен Алматы ара­сын­дағы ұзындығы 1200 шақырымды құ­райтын тас жолды қоқыстан тазар­ту­ға бағытталған партиялық іс-шара аяқталды. Әр апта сайын партиялықтар еліміздің барлық өңірінде аумақтарды та­залауға арналған «Таза бейсенбі» нау­­қанын өткізеді. Небәрі екі аптада ша­­­­мамен 3 мың тонна қалдық жинал­ды. Жиналған қоқыс қайта өңдеуге жі­беріледі, – деді ол.
Сонымен қатар Ақерке Искандерова «Жас­тар Рухы» төрағалығы шеңберінде ШЫҰ Жастар кеңесі мүшелерінің есірт­­­кі қылмысына қарсы бірлескен іс-қи­мылына баса назар аударды. На­ша­қ­орлықпен күресу, оған заң аясында қар­сы тұру барысында тәжірибе алмасу мә­селесіне ерекше мән берілді. Осы жұмыс нәтижесінде ШЫҰ елдеріндегі жас­тар ұйымдарының есірткі бизне­сі­не қарсы іс-қимылының ұжымдық жос­п­ары әзірленді.
Қытай Халық Республикасының өкі­лі, Бүкілқытайлық жастар феде­ра­циясы Бас хатшысының орынбасары Дун Ся жастар­дың экологиялық білімін арт­тырудың маңызына назар аударды.
– Біз қоршаған ортаны қорғау тұ­жы­­­рымдамасын қарапайым әрі түсі­нік­ті тіл­мен баяндаймыз. Креативті жас­­тар қор­ша­ған ортаны қорғау сала­сын­да шексіз әлеует­­ке ие. Ол өз ке­зе­гін­де адамзаттың да­муы­на ықпал етеді. Ас­­тықты ұқыпты пай­далануға шақы­ра­тын жастар акциясы бел­сенді түрде жү­зеге асырылуда, – деді ол.
Ресей Федерациясы Мемлекеттік ду­масының депутаты Денис Кравченко эко­номика өсімінің драйвері ретіндегі креативті индустрияның рөлі туралы айт­ты. Үндістан Республикасы Үкіме­ті­нің Жас­тар ісі жөніндегі департаменті хат­шысының орынбасары Нитеш Ку­мар Мишра өзендер мен су айдындарын та­зар­ту және суды үнем­­ді пайдалану бағдарламалары туралы тілге тиек етті. Ал Өзбекстан Республикасы Жастар ісі агент­тігі жанындағы Институт дирек­то­ры Актам Жалилов волонтерлердің Арал теңізінің түбін мелиорациялауға қос­қан үлесі туралы баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша қа­тысушылар ШЫҰ елдеріндегі жастар ұйым­дарының ынтымақтастығын ны­ғайту жөніндегі бірлескен қарар қа­был­дады. Құжат эко-волонтерлердің ха­лықаралық шта­бын құруды, жыл сайын экологиялық жобалар кон­курс­тарын ұйымдастыруды және т.б. көз­дейді.
Сонымен қатар делегаттар бірауыз­дан шешім қабылдап, Беларусь Респуб­ли­касы мен Иран Ислам Республи­ка­сы­ның ШЫҰ Жа­стар кеңесіне кіруге өті­німдері мақұл­дан­ды. Осылайша, ұйымға мүше мемле­кет­тер саны 10-ға жетті. ШЫҰ Жастар кеңесіне төра­­ғалық ету кезегі Қытай Халық Респуб­ли­касына өтті.
 

Серіктес жаңалықтары