Мен АҚШ-та Головкин секілді супержұлдыз боламын – Жәнібек Әлімханұлы

Біз Головкин екеуіміз екі түрліміз. Головкин мексикалық стильде жұдырықтасса, мен қазақша стильде бокстасамын.

Мен АҚШ-та Головкин секілді супержұлдыз боламын – Жәнібек Әлімханұлы
sports.kz
589

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) маңызды кездесу алдында Boxingscene.com сайтына сұбат берді.

Жәнібек осы сенбіде өз атағын қорғау үшін Жаңа Зеландияның былғары қолғап шебері Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жұдырықтасады. Ол бұл тартысты кездесуге тас-түйін дайын екенін атап өтті.

«Мен айқасқа дайынмын. Мен Михайловичтен әлдбір айрықша нәрсені күтпеймін. Ол – жақсы спортшы әрі жеңіліп көрмеген. Дейтұрғанмен, мен дайынмын», – дейді боксшы.

Сондай-ақ ол көпшіліктің оны Геннадий Головкинмен салыстыратынын да сөз етті.

«Әлбетте, Мен АҚШ-та Головкин секілді супержұлдыз боламын деп ойлаймын. Біз Головкин екеуіміз екі түрліміз. Головкин мексикалық стильде жұдырықтасса, мен қазақша стильде бокстасамын. Ол екеуіміз бір елден болған соң, көпшілік бізді үнемі салыстырады. Алайда ол менің үлкен ағам іспетті», – дейді Жәнібек.

Әлімханұлы мен Михайлович арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-да басталады. Жекпе-жек Qazsport арасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары