Алматы облысында мопед жүргізушісі қаза тапты

Оқиға 10 шілде күні Тұздыбастау ауылында болған.

Алматы облысында мопед жүргізушісі қаза тапты
t.me/egovpress
354

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында мопед жүргізушісі жол апатына түсті.

«10 шілде күні Тұздыбастау ауылында мопед аударылып кетті. Жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Түрлі жарақаты бар жолаушы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады полиция.

Аймақ полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары