Несие тарихының нашарлауы психикалық проблеманың белгісі болуы мүмкін – зерттеу

Деменция диагнозы қойылатын адамдардың несие рейтингі диагноздан бірнеше жыл бұрын нашарлайтыны және төлемдерді жиі кешіктіретіні анықталған.

Несие тарихының нашарлауы психикалық проблеманың белгісі болуы мүмкін – зерттеу
сурет: istockphoto.com
578

Егер егде жастағы туысыңыз қаржы мәселелеріне жауапсыздық танытса, бұл психикалық проблемасының белгісі болуы мүмкін. Нью-Йорк Федералдық резервінің зерттеушілері қаржылық қиындықтар мен деменция арасында байланыс тапты. Бұл туралы themirror.com жазды. 

Зерттеу авторлары – Кэрол Роан Гресенз, Жан М. Митчелл, Белисия Родригес, Р. Скотт Тернер және Вилберт ван дер Клау – несие деректерін пайдалану Альцгеймер және деменция қаупі бар адамдарды ерте анықтауға көмектесетініне сенімді. Зерттеу барысында АҚШ-тың несие есептері мен Medicare деректері талданды. Деменция диагнозы қойылатын адамдардың несие рейтингі диагноздан бірнеше жыл бұрын нашарлайтыны және төлемдерді жиі кешіктіретіні анықталған.

Біздің нәтижелеріміз несие тарихы есте сақтау қабілеті нашарлауы мүмкін адамдарды ерте анықтауға мүмкіндік береді, - дейді зерттеушілер.

Альцгеймер ауруына шамамен 7 миллион америкалық шалдыққан, олардың 73 пайызы 75 жастан асқан. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе артады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары