Мемлекетке 300 млн теңгеден астам активтер қайтарылды – прокуратура

Заңсыз берілген 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды

Мемлекетке 300 млн теңгеден астам активтер қайтарылды – прокуратура
www.istockphoto.com
504

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары активтерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік субъектілері Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 10,2 мың га болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау органының шараларымен жоғарыда аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды және бүгіндері ауыл шаруашылығы заңды экономикалық айналымға тартылуда", – делінген хабарламада.

 Ал Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы беделді аудандағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Барлық қабылданған қадағалау шараларымен мемлекетке жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам активтер қайтарылды.
      

Серіктес жаңалықтары