Бурабайға демалуға барған 10 бала ауруханаға түсті

Айтуынша, алты балаға тонзиллит, екі балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойылған

Бурабайға демалуға барған 10 бала ауруханаға түсті
istockphoto.com
605

Бурабайға демалуға келген 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, 2024 жылдың 30 маусымынан бастап, «Edelweiss borovoe» балаларды сауықтыру орталығында болған.

«Бүгін 7-шілде күні сағат 11:30 шамасында 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті. Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог қарады, ЖРВИ-де жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалады», - деді ведомстводан.

Айтуынша, алты балаға тонзиллит, екі балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойылған.

Серіктес жаңалықтары