Сенсация: Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

1/8 финалда Юлия латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі

Сенсация: Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын ұтты
olympic.kz

Уимблдон жарысында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA рейтингінде бірінші тұрған Ига Швентекті жарыс жолынан шығарды, деп хабарлады turkystan.kz msports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 1 сағат 58 минутқа созылған ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші сетте Юлия қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Екінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші сетті сәтті бастап, 4:0 есебімен алға шықты. Нәтижесінде соңғы сетті 6:2 есебімен аяқтады. Осылайша Ұлыбританиядағы жарыста суперсенсация жасады. 

1/8 финалда Юлия латвиялық Елена Остапенкомен (13) кездеседі.