Уимблдон: Қазақстандық теннисші олимпиада чемпионын ұтты

Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

Уимблдон: Қазақстандық теннисші олимпиада чемпионын ұтты
Фото: ҚТФ
454

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған чехиялық Катержина Синяковамен өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Синякова – жұптық сында әлемдік рейтингіде көш бастап, Токио олимпиадасының чемпионы атанған спортшы. Бірінші партияда Путинцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп – 6:0. Екіншісінде есеп 4:4 болған мезетте Синякова брейк жасап кетті. Есеп – 6:4. Үшінші, шешуші сетте Юлия 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді. Есеп – 6:2. Юлия Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары