Оралда ерлі-зайыптының мәйіті табылды

Өрт шыққан саяжайдан құтқаушылар екі адамның күйік шалған денесін тапты.

Оралда ерлі-зайыптының мәйіті табылды
istockphoto.com
404

Оралдағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 шілдеге қараған түні болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 02:34-те өртсөндірушілердің пультіне «Пенсионер» бау-бақша серіктестігінде 30 шаршы метр аумақта саяжай өртеніп жатқаны туралы шақыру түскен.

Сағат 4:30-да өрт толық ауыздықталды. Оқиға орнынан өртсөндірушілер екі адамның күйік шалған мәйітін тапты.

Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Тұрғындардың сөзінше, марқұмдар - жас ерлі-зайыпты.

«Олардың үйі су тасқынынан зардап шекті. Олар зиянды анықтау жөніндегі комиссияны күтті, бірақ оған жете алмады», - деді тұрғындардың бірі.

Серіктес жаңалықтары