Нидерландта премьер-министр сайланады

Нидерландта премьер-министр сайланады

Нидерландта премьер-министр сайланады
ашық дереккөзі
Бүгін Еуропадағы биылғы жылдың ең маңызды сайлауларының бірі өтеді. Яғни, Нидерланд халқы премьер-министрін таңдайды, деп жазады Business Insider. Бір ерекшелігі, сайлауға биыл 28 партия қатысады. Ал 2012 жылы 11 партия парламентке еніп, екі партия коалициялық үкімет құрған болатын. Партиялар саны көп болғандықтан, үкімет құру үшін екі немесе одан да көп партиялар коалиция құруларына болады. Оған бірнеше апта кетеді. Нидерланд парламентінде 150 орын бар. Ал сайлау нәтижелері ертең белгілі болады. Биыл сайлауда ең көп орын алады деп болжам жасалған 6 партия: Бостандық пен демократияның халықтық партиясы (VVD). Қазіргі премьер-министр Марк Руттенің партиясы. Ол 2012 жылғы сайлауда 40 орын жеңіп алған. Бостандық партиясы (PVV). Соңғы екі аптадағы сауалнама нәтижесінде алда келе жатқан партия. Лейбористік партия (PvdA). Соңғы сайлауда екінші орын алған. Бірақ соңғы кездері экономикаға қатысты қатаң шараларды қолдап жүргендіктен, көпшілік тарапынан сынға ұшырады. Христиан дауысы (CDA). Голландияның ең басты әрі ең консервативті партияларының бірі. D66. 1966 жылы құрылған демократиялық партия. Жасыл солшылдар. Елдегі ең жас саясаткерлердің бірі (Джесси Клавэр, 30 жаста) басқаратын партия.