Ақтауда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалды

Оқиға 30 маусым күні түнгі уақытта болған.

Ақтауда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалды
Сурет: www.istockphoto.com
407

Ақтауда жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты "Адырна" порталына сілтеме жасап.

Облыстық көпсалалы ауруханасының берген ресми деректерінде ұрып-соғу салдарынан дәрігердің миы шайқалғаны анықталған. Одан бөлек, параорбитальды гематома, бетінде көптеген көгеру болған.

Жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жібергені айтылды.

"Бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары