Теміржол рельстері жаңарып жатыр

Теміржол рельстері жаңарып жатыр

Теміржол рельстері жаңарып жатыр
ашық дереккөзі
738

Өткен жылдан бері 70 мың тоннадан астам ақтөбелік рельс өнімдері жолды ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Ақтөбе рельс арқауы зауытының өнімдері республиканың магистралдық желісіне 500 шақырымға жуық жолға төселді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының менеджері С. Әлиевтің айтуынша, ақтөбелік рельстер барлық теміржол бойларына жеткізілуде. Ақтөбелік рельс өнімдері өткен жылдан бері Алматы-1-Шу екінші теміржол желісі, Құрық порты паром кешенінің кіре берісіне, Астана вокзал кешені құрылысына жұмсалуда. Барлық осы нысандарға өткен жылы 14 мың тонна рельс өнімдері жеткізілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРАЗ» ЖШС арасындағы магистралдық желіні жаңғыртуға арналған ұзақмерзімдік келісімге сәйкес 2022 жылдарға дейін 600 мың тоннадан астам рельс жеткізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары