«Үш тілді меңгерген»: Таразда табылған «Маугли» отбасы туралы тың дерек (ВИДЕО)

"Інім 15 жасқа дейін мектепті үздік оқып, озық оқушылардың қатарынан көрінді".

«Үш тілді меңгерген»: Таразда табылған «Маугли» отбасы туралы тың дерек (ВИДЕО)
видеодан скриншот
555

Кеше әлеуметтік желіде тараздық еріктілердің адам шошырлық жағдайда тұратын «Маугли» отбасын тапқан сәті таспаланған видеосы кеңінен таралған болатын.

Бүгін jambylinfo.kz тілшісі оларды іздеп барып, олардың жағдайын көріп қайтты.

Ағайынды жігіттер қоршаған ортадан жырақ өмір сүріп, тіпті өз үйінің ішіне дәрет сындырып жүре беретін хәлге жеткен. Жуынуды, шаш тарауды, айнаға қарауды мүлде ұмытқан.

«Алғаш келгенде адам шошырлық хәлдегі үйді көрдік. Қолдан келгенше қаражат жинап, ас ауқатын әперіп, үйін жиыстырдық. Ағайындылардың шаштары өсіп кеткен, иістері жиіркенішті. Жуындырып, адам қалпына келтірдік. Аналары аяғы ауырып, төсек тартып жатып қалғаннан соң, екі ұлы қараусыз қалған. Бұл отбасыға қайырымды жандар көмектеседі деген үміттеміз» – деді Еріктілер тобының басшысы Виктория Колченко.

Белгілі болғандай, ағайындылардың анасы науқастанып, ауруханаға жатып қалған. Ағайындының үлкені інісінің алғыр бала болғанын айтады.

«Інім Саша сөйлей алмайды, өзі әзер жүр. Мен қалада бір интернатта 9 сынып оқығанмын. Інім 15 жасқа дейін мектепті үздік оқып, озық оқушылардың қатарынан көрінді. Зеректігі сондай үш тілді меңгеріп алған еді. Сурет салудың шебері болатын. Иконалардың суретін айнытпай салып жүрген соң, бір күні анам оны шіркеуге алып барды. Содан бері не болғаны түсініксіз, әйтеуір адам танымастай өзгерді. Ақылынан алжасқаны сонша адамдардан қорқады, бұғып отырады да қояды. Сөйлемей де қалды. Қазір 42 жаста», – дейді 44 жасар Ваня.

Серіктес жаңалықтары