Былтыр қазақстандықтар балгерлерге 39 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған

Айта кету керек, астрологтар мен балгерлерден басқа, статистикада тағы бір тылсым категория – көріпкелдер бар.

Былтыр қазақстандықтар балгерлерге 39 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған
cурет: istockphoto.com
280

Қазақстандықтар балгерлерге ресми түрде ондаған миллион теңге жұмсаған. Статистикалық мәлімет Бірінші кредиттік бюроның Data Hub Telegram-арнасында жарияланды.

2023 жылы еліміздегі астрологтар, спириттер және балгерлердің табысы 39,1 млн теңгеге жеткен, барлық сома жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Бұл дерек - ҰСБ жүргізген зерттеу деректері.

"Әрине, шын мәнінде барлық осы балгерлер әлдеқайда көп соманы алды: мұндай сектордың бәрі заңды түрде жұмыс істейді деп айту қиын, және зерттеу барлық жеке кәсіпкерлерді қамтыған жоқ. Бірақ ресми цифрлар да қызықты. Мысалы, жалпы көлемдегі қызметтер үшін халық 38,1 млн төлеген, тағы бір миллионды эзотериктерге ұйымдар төлеген. Қандай немесе қай ұйымдар екенін біз білмейміз, бірақ қызметтер Атырау облысында, ауылдық жерде көрсетілген", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, астрологтар мен балгерлерден басқа, статистикада тағы бір тылсым категория – көріпкелдер  бар. 2023 жылы олар тек 426 мың теңге ресми табысқа ие болған, олардың барлығы – Абай облысында.

Серіктес жаңалықтары