«Қыз - жат жұрттық!»: Қайрат Әділгерей қыз баласына құрметпен қарауға шақырды

Танымал актер әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы айтты.

«Қыз - жат жұрттық!»: Қайрат Әділгерей қыз баласына құрметпен қарауға шақырды
видеодан алынған скрин
598

Белгілі актер Қайрат Әділгерей әлеуемттік желіде қызының шашын тарап, еркелетіп жатқан сәтінен видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қыз - жат жұрттық!», «Қыз - қонақ» дейді атам қазақ. Қыз бала әкесіне жақын келеді.Қыз баланы еркелетіп, сырласып, ішікі жан-дүниесін түсінетін, дегенін жасай алатын әке ғана. Уақыт өте келе қыз бала біреулер үшін бойжеткен, келіншек, әйел болады,тек әкеге ғана өмір бойына қызы болып қала бермек. Қыз ұзатылғанда ата-анасы көз жасқа ерік беріп, жүрегі езіле ұзатып жатады. Әкеге анасына қарағанда екі есе қиын болады. Сұрақ? Неге? Әке өзінің алған жарының ішкі жан-дүниесін түсіне білді ме? Оны өмір бойына ренжітпей алақанына салып аялай білді ме? Оның жан сырына үңіле білді ме? Қажеттілігін өтей алды ма? Оның ойы мен қалауына құлақ аса білді ме? Сол сәтте (қыз ұзатылғанда) осы нәрселерді ой елегінен өткізіп, өткенге оралып қызын көз жасқа ерік беріп, шығарып салатыны сондықтан шығар. Қыз (ұзатылғанда) баланың мойнына артылған жүгі мен жауапкершілігі өте қиын! Көп нарсеге көз жұмып, жанұясының бірлігі мен ынтымағы, тыныштығы үшін, іштей тынып көніп кете береді.Өмір бойына әкесіне ғана еркелеп өтеді», - деп жазды Қайрат Әділгерей.

Серіктес жаңалықтары