"Қызын сатқанына мәз": Араб күйеу баладан 10 млн теңге қалың мал алған әйел жұртты ашуландырды

Видеоға қатысты теріс пікір қалдырып жатқан адамдарға қалыңдықтың өзі жауап берген.

"Қызын сатқанына мәз": Араб күйеу баладан 10 млн теңге қалың мал алған әйел жұртты ашуландырды
сурет: әлеуметтік желідегі видеодан алынған скриншот
1053

10 млн теңге қалың мал берген араб күйеу бала жұртты ашуландырды. Қалың мал беру сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады

"Арабтың алдында мәз болған қазақ де. "Бұларға ақша болса болды" дейтін шығар арабтар. Оларға 10 миллион түк емес қой. Тек қыздың ертеңі не болады, соны ойлау керек?", "100 миллион берсе де, қызымды бермес едім. Сосын өлігін таппай қаласың. 10 миллион үшін басымды да имес едім. Құрсын, көз алдыңда жүргенге не жетсін, сонау ел аспай", "Анасы не мәз болып тұр?", "Ойбу, байғұс-ай, ақша көрмегендей", "Қызын беріп отыр, неге басын иеді?", "Мен намыссыздықтан басқа дым көріп тұрған жоқпын!", "Құрсын, анасы қызын сатқанына мәз ғой, сабырмен алуға болады ғой", "10 миллион үшін анасы иіліп сәлем беріп кетті-ау", - деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар, видеоға қатысты теріс пікір қалдырып жатқан адамдарға қалыңдықтың өзі жауап берген.

"Айналайын, өсекші қазағым. Бұл видеоның түсірілгеніне 2 жылдас асты. Аллаға шүкір, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Ата-анам туралы жаман жазудың, қарғаудың қажеті жоқ. Өздерің де бала-шаға өсіріп отырсыңдар, қарғыстарың өздеріңе айналып келеді, ауыз менікі деп көп оттай бермеңдер. Осындай пікір қалдыратын қазақтар тұрғанда, жау да керек емес екен", - деп жауап қайтарды қалыңдық.

 

Серіктес жаңалықтары